Тоқтамұрат Тілеу

ТОҚТАМҰРАТ ТІЛЕУ

Тілеу Тоқтамұрат 1982 жылы 19 қаңтарда Моңғолия  Республикасында дүниеге келді. 2006 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ  Ұлттық Өнер академиясын «Актерлік өнер» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2006 - 2008 жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында артист қызметінде жұмыс істеді. 2009 жылы Жаңаөзен қаласында Мұнайшы мәдениет сарайында мәдени қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер артисі. 2015 жылы Жантөрин театрының бас әкімшісі болып тағайындалды. 2017 жылдан бері Жантөрин театры директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2014 жылы театр директорының «Адал еңбегі үшін» Алғыс хаты;

·   2015 жылы Халықаралық театр күніне орай Облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2015 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай  Облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2016 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2016 жылы «Әбіш Әлемі» Бірінші республикалық театрлар фестиваліне атсалысқаны үшін театр директорының Алғыс хаты;

·   2017 жылы «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында және А.Әшімовтың 80 жылдығы және І Каспий жағалауы елдерінің халықаралық театр фестиваліндегі ерен еңбегі үшін облыс әкімі орынбасарының  Алғыс хаты;

·   2018 жылы Ақтау қаласының 55 жылдығына орай төсбелгісі;

·   2019 жылы «Әбіш әлемі» І Халықаралық театр фестиваліне орай облыс әкімінің Алғыс хаты;

·   2019 жылы Облыс әкімі  орынбасарының Алғыс хаты;

·   2022 жылы ІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін облыс әкімінің Алғыс хаты;

·   2022 жылы 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спор министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

 

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

· У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – у сатушы

· Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Айдар

· С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Нөкер жігіт

· И.Сапарбай «Сыған серенадасы»  - Барон

· Т.Джюдженоглы «Көшкін» - Төраға

· С.Жүсіп «Адам болып өтейін» - Шелоху

·  Ф.Эрве «Айлакер ару» - Режиссер

· Ә.Кекілбайұлы «Абылай хан» - тарихшы

· С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» – Мәс батыр

· С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» - Дәуіт Рахымбай

· Г.Хугаев «Серттесу» – Кико

· Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Солдат

· Д.Исабеков «Әпке» -  Омар

· Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» -  Нарбол

· Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» -  Жұмыстас

· А.Камю «Калигула» - Сарай басшысы

· М.Мақатаев «Қош махаббат» -  Ғабитович

· С.Ахмад  «Келіндер көтерілісі» -  Тілші, Саттының күйеуі

·  З.Зайнуллин  «41-ші жылдың келіншектері» - Ғұбайдулла

·  Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Абыз

· Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Қалпақ

· Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Жүсіпбек Аймауытов

· С.Адай «Үрей дерті» - Саз

· Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы..» - Бригадир

· Г.Горин «Атың өшсін» - Герострат

· С.Нұржан «Хан кегі» - Абыз

· Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Граф Лудовико

 

ЕРТЕГІДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

· Ш.Перро «Етік киген мысық» - Король

· М.Абай-Ділдә «Шрек» - Шрек

·  М.Абай-Ділдә «Тақиялы ботақан» - Ботақан

·  М.Абай-Ділдә «Балшық бала»  - Аю

· М.Абай-Ділдә «Туған күн» - Піл

Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Аю   





12
>