Мұрат Қожа

ҚОЖА МҰРАТ НАЗАРҰЛЫ

Қожа Мұрат Назарұлы 1981 жылдың 25 шілдесінде Қарақалпақстанның Амудария совхозында дүниеге келді. 1983 жылы Жаңаөзен қаласына көшіп, 1987-1998 жылдар аралығында №2 орта мектебінде оқыды. 1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпай шеберханасында «Актерлік өнер» мамандығы бойынша білім алды. 2001-2017 жылдар аралығында республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар «Гүлдер» ансамблінің артист-вокалисі қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары ҚР Ұлттық Ұланы оркестрінің солист-вокалисі болып қызмет етті.

2021 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының артисі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   Жұлдызым әнімен Республикалық «Алтын диск» сыйлығының «Жыл хиті» және «Жыл клипі» номинациясының иегері.

·   «Нұрлан мен Мұрат» ән жинағы жарық көрді.

·   «Каспий тобы» ән жинағы жарыққа шықты.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

·   С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Итбай

·   Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы» - Раймалы

·   Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» – Естай

·   Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» – Әубәкір

·   М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ысмайыл

 





12
>