Айдана Жантақбаева

ЖАНТАҚБАЕВА АЙДАНА ДҮЙСЕНҒАЗЫҚЫЗЫ

Жантақбаева Айдана Дүйсенғазықызы 1990 жылы 22 шілдеде Маңғыстау облысының Ақтау қаласында дүниеге келді. 2008-2014 жылдар аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті, «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының» «Режиссура» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2014 жылдан бастап Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында артист қызметін атқарып келеді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2017 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін облыстың Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

·   Д.Исабеков «Әпке» - Гауһар

·   Ф.Эрве «Айлакер ару» - Сильвия

·   С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Луфти, Бостан

·   М.Мақатаев «Қош махаббат» - Айша

·   С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Жеңгесі Дина

·   С.Адай «Үрей дерті» - Жылан

·   Н.Гоголь «Ревизор» - Унтер офицер

·   Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Гүлнұр

·   М.Хасенов «Пай-пай, жас-жұбайлар-ай» - Зәуреш

·   Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Мұғалім, Гүлзат

·   З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» - кемпір Ғайша

·   С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Нәзікеш

·   А.Володин «Қос жебе» - 1 әйел

·   С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Арай, Клара

·   Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Тарақан

·   Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Эльонора, Мара

·   Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Келіншек

·   Р.Куни «Он, она, окно, покойник» - Любовница

·   Гарсиа Лорка «Бернарда Альбаның үйі» - Амелия

·   Ә.Кекілбайұлы «Бір шөкім бұлт» - Аққаймақ

·   Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Еңсептің бәйішесі

·   Г.Қамысбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - Әнші қыз

·   Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Ләйлә

·   С.Құдайбергенов «Перзентхана» - Жұмагүл, Жанна Оспановна

·    М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ғазиза

·   А.Островский «Найзағай» – Глаша

·   Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Жөнейіттің бәйбішесі

·   Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» – Жанар

·   А.Камю «Калигула» – Балерина

·   Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Таңсық

·   Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы» – Ақайша

 

ЕРТЕГІДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

·   Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Қарақшы

·   Ш.Перро «Золушка» - Жавотта

·   Р.Киплинг «Маугли» – Багира

·   Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» - Лиди

·   «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Бақсы

·   Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Патшайым

·   Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Фифи

 

 

 





12
>