Сағадат Сейтқожаева

СЕЙТҚОЖАЕВА  САҒАДАТ БІРҒАЛИҚЫЗЫ

Сейтқожаева Сағадат Бірғалиқызы 1990 жылы 28 тамызда Маңғыстау облысында дүниеге келді. 2012 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті, «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының» «Режиссура» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2012 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының артисі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2014 жылы Жантөрин театры директорының Алғыс хаты;

·   2015 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай театрдың көркеюіне қосқан үлесі үшін Мадақтамасы;

·   2016 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің театр өнеріне қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

·   2018 жылы облыс мәдениеті мен дамуына қосқан үлесі үшін Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2018 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2019 жылы Жантөрин театры қызметкерлерінің театр күні қарсаңында дауыс беру нәтижесінде «Үздік актриса» номинациясымен марапатталды. 


 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

·   О.Жанайдаров «Жұт» - Сәуле

·   Д.Исабеков «Әпке» - Камила

·    Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» -  Кемпір

·   М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Бану

·    С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Бостан

·   И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Сыған қызы

·   Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Көрші кемпір

·   З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» - Мунавара,  Меңжамал

·   М.Әуезов  «Қарагөз»  -  Мөржан

·   С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Ақшолпан

·    Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Шүйкетай

·   Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Әлиман

·   У.Шекспир «Гамлет» - Королева Гертруда

·    С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Клара

·   Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Еңсептің анасы

·   С.Адай «Үрей дерті» - Жылан

·   Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы..» - Ағайша

·   С.Нұржан «Хан кегі» - Бопай ханым

·   Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Фариза

·   Ә.Кекілбайұлы «Күй» - 2 қатын

·   А.Цагарели «Ханума» - Тэкле

·   С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Бегей бәйбішесі

·   С. Құдайбергенов «Перзентхана» - Раушан

·   Ә.Кекілбайұлы «Бір шөкім бұлт» - Аққаймақ

·   Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай» - Ұлжан

ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

· М.Абай-Ділдә «Шрек» - Мыстан кемпір

· Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Әже

· Б.Ұзақов «Шытырман шырша» - Түлкі

·   Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Қарақшы

· М.Томанов «Қошқар мен Теке» - Қой

· Ш.Перро «Золушка» - Жавотта

· Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Өгей шеше

 





12
>