Наурызбек Құдайбергенов

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ НАУРЫЗБЕК ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

 

Құдайбергенов Наурызбек Құдайбергенұлы 01.04.1996 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжін «драма актері» мамандығы бойынша Жанат Хаджиев шеберханасын тәмамдап, сол жылдан бастап І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек жолын бастады.   2015 жылдан Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрына артист болып қызмет істейді. 2021 жылы Қырғыстан Республикасы Бишкек қаласындағы Б.Бейшеналиева атындағы Мәдениет және өнер университетін «Актерлік өнер», «Кино және драма театрының актері, педагог»  мамандығы бойынша тәмамдады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

• 2021 жылы «TeArt-Көкше» халықаралық театр фестиваль-зертханасында «Практикалық режиссура» бойынша Г.Н.Пьянованың шығармашылық шеберханасының курсына қатысып, сертификатын алды; 

• 2022 жылы Түркістан облысындағы Маңғыстау облысының күндерін ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан үшін, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

• 2022 жылы Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдары оқушыларының «Таңғажайып театр әлемі» байқауында «Сахна әлемі» тобы (жетекшісі Н.Құдайбергенов) ІІ орын иеленгені үшін Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі басшысының дипломымен мараптталды. 


СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

· У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – Граф Парис

· Ә.Кекілбаев «Абылай хан» – Магистрант, шабарман

· Р.Куни «Он, Она, окно, покойник» – Музыкант, студент

· Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» – Қозы

· А.Володин «Қос жебе» – Қалқанқұлақ

· Г.Хугаев «Серттесу» – Қарға

· Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Қанат

· С.Адай «Үрей дерті» - Қарақұрт

· С.Нұржан «Хан кегі» - Ер Қонай

·  А.Кристи «Мышеловка» - Сержант Тротер

·  Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Ақын

·  Иран Ғайып «Диоген мен Ескендір» - Ескендір

·  Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Майсалбек

·  У.Шекспир «Гамлет» - Горацио

·  Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Террорист

·  Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Жақып Ақбаев

·  Г.Хугаев «Көршілер» - Қалқанқұлақ

·  Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Тарақан

·  А.Камю «Калигула» - Геликон, Муций

·  С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Қайып

·  С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Нұрбақыт

·  И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Сыған, Алеко

·  С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Кенже баласы

·  Г.Горин «Атың өшсін!...» - Крисипп

·  Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Жаппар

·  Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Маркиз Рикардо

·  И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - жас Естай 





12
>