Рамазан Ақтаев

                                               

РАМАЗАН АҚТАЕВ

 

Театр іргетасын қалаушылардың бірі

 

Мәдениет саласының үздігі

 

Маңғыстаудың «Жыл адамы» аталымының иегері

 

Ақтаев Рамазан Әзімтайұлы 1977 жылы 1-қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келді. 1995-1998 жылдар аралығында Ж.Елебеков  атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің вокал және хор бөлімін тәмәмдаған. 1998-2004 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрында қызмет етті. 2011 жылы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік Өнер Институтында «Драма әртісі» мамандығы бойынша білім алды.

2003 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші артисі. Жантөрин театрының қалыптасып, өркендеуі жолында табысты еңбек етіп жүрген алдыңғы буынның көрнекті өкілі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2005 жылы театр директорының Алғыс хаты;

·   2006 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Этникалық және қазіргі заман музыкасы фестивалінің вокалдық жанр конкурсына қатынасып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін дипломы;

·   2008 жылы театр директорының Алғыс хаты;

·   2009 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2011 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2013 жылы Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасы;

·   2013 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы;

·   2014 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2015 жылы Халықаралық театр күніне орай Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2016 жылы ҚР Мәдениет және Спорт Министрінің Құрмет грамотасы;

·   2017 жылы «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында облыс әкімінің Алғыс хаты;

·   2018 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2018 жылы Жантөрин театрының «Үздік әртіс» номинациясының иегері;

·   2018 жылы «Жыл актері» номинациясының иегері;

·   2018 жылы Ақтау қаласының 55 жылдығы төсбелгісі;

·   2018 жылы ҚР Тәуелсіздігі күніне орай облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2019 жылы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған І Халықаралық театр фестивалінің ұйымдастырылуы мен өтуіне зор үлес қосқаны үшін Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2019 жылы Маңғыстау облысы бойынша «Жыл актері – 2019» номинациясының жеңімпазы;

·   2019 жылы еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

·    2021 жылы халықаралық театр күніне орай «NJFEST-2021» Жантөрин театры фестивалінің «Қыран 2021» (жылдың үздік вводы) номинациясы;

·   2022 жылы  халықаралық театр күніне орай «NJFEST-2022» Жантөрин театры фестивалінде «Театр тұлғасы-2022» номинациясымен марапатталды.

. 2023 жылы мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен наградталды.  


СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

 

·   У.Шекспир «Гамлет» - Король Клавдий

·   Н.Гоголь «Ревизор» - Лука Лукич Хлопов

·   Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Жарқын

·   Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Шеге

·    М.Байджиев «Іздедім сені» - Әзиз

·   Т.Әліпбаев «Томирис» - Елтоқ

·    С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Режиссер, Макхам

·    Г.Хугаев «Көршілер» - Сандро

·    А.Володин «Қос жебе» -  мүсінші

·   С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Орынбор би

·   У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Джованни пірәдар, граф Парис, Лоренцо

·    Ф.Эрве «Айлакер ару» - Флоридор

·   Ж.Б.Мольер «Тартюф» - Сот приставасы, Лоял

·   Б.Беделханұлы «Махамбет» - сұлтан

·    Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Қырманбай

·    Ә.Кекілбаев «Абылай хан» - Диуана, тарихшы

·   Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» – Сұбанқұл

·    И.Сапарбай «Сыған серенадасы» – Шәмші

·    Т.Джюдженоглы «Көшкін» - Қауым мүшесі

·   А.Камю «Калигула» - Гитлер

·   З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» – Қыли Қади

·    М.Мақатаев «Қош махаббат» - Бағдат

·    С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» - Сарман

·    М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» - Қасым

·   М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала» - көпшілік сахнада

·   Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Әке

·   Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Сәкен Сейфуллин

·    С.Адай «Үрей дерті» - Саз

·   Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы...» - Автор

·   С.Нұржан «Хан кегі» - Неплюев

·   Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Күшеншек ақын, Мұқағали

·   Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Әмір Темір

·   Г.Горин «Атың өшсін» - Тиссаферн

·    С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Қайырбай

·    Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Граф Федерико

·   А.Чехов «Чудесные люди» - Иван Васильевич Ломов

·   А.Цагарели «Ханума» - Князь

·   Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Тұрсын

·   Г.Қамысбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - көпшілік сахнада

·   Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» - Қожақ

ЕРТЕГІ:

·   Н.Чинкебаева «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Сиқыршы

·   М.Абай-Ділдә «Ормандағы оқиға» - Қасқыр

·   Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Тыңшы

·   Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Люмьер





12
>