Театрымыздың жетістіктері
Қуантатыны – 10 жылдан астам уақытта театрымыздың шығармашылық ұжымы Египет, Араб Республикасының Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне қатысып, бас жүлдені, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық фестивалінде бас жүлдені, ал, халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатынасып, «гран приді» жеңіп алып, оннан астам Республикалық театр фестиваліне қатынасып, әлденеше рет бас жүлдеге ие болды. Театрдың директоры ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері - Нұрнияз Мұханұлы Мұханов, Театрдың көркемдік жетекшісі «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткері - Гүлсина Мерғалиева Бақытжанқызы. Театрымызда «Серпер» сыйлығының иегерлері Гюль Зиятова, Кенен Ақүрпеков, Бану Манкеева сынды әртістеріміз театр ұжымын бастап келеді. Шығармашылық ұжым 2003 жылдың мамырында Алматы қаласында Н.Сацтың туғанына 100 жылдығына орай Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Т.Әліпбаевтің «Томирис» /реж: Г.Мерғалиева/ спектакілімен қатысып, «Тұсау кесер» номинациясы бойынша лауреат атанды, аталмыш фестивальде театр актрисасы Наремгенова Айгүл «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша лауреат атанды. 2003 жылдың күзінде Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығына арналған ХІ Республикалық театрлар фестивалінде Б.Беделханұлының «Махамбет» /реж: Г.Мерғалиева/ поэтикалық драмасымен Гүлсина Мерғалиева «режиссерлік ізденісі үшін» лауреат, 2004 жылдың қарашасында өткен VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған «38 немесе Қарақұрт» /идея авторы және реж: Г.Мерғалиева/ спектаклімен қатысып Бас – жүлдегері, VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында өткен байқауларда Мерғалиева Гүлсина «Ең үздік режиссер», Гюль Зиятова «Ең үздік сахна костюмі» марапатталды. 2005 жылдың қазан айында Қ.Жандарбеков пен К.Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық театрлар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған «38 немесе Қарақұрт» қойылымы үшін «шығармашылық жаңа ізденістері үшін» номинациясымен марапатталды. Театрға республикамыздың таңдаулы сахна шеберлері: ҚР Халық әртісі, профессоры Е.Обаев, Қеңбегі сіңген мәдениет қайраткері Р.Машурова, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Е.Тұяқов, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Матвеев, белгілі режиссер Т.Көбеков, ҚР еңбегі сіңген әртіс М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген қайқаркерлері Ә.Оразбек, А.Сәрсенбек, Х.Әмір-Темір шығармашылық тәжірбие алмасуға шақырылды. Сахна саңлағы, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына орай, театр ұжымы Алматы қаласына сапар шегіп, өнердің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрда театр апталығын өткізіп, үлкен табыспен оралды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің арнайы ұсынысымен Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театры Египет Араб республикасының Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне қатысты.Каир қаласында өткен бұл экспериментальды театрлар фествалінде театр мамандары А.С.Пушкиннің «Моцарт и Сальери» пьесасы негізінде дайындалған «Или Моцарт? Или Сальери?» қойылымын сахналады. Идея авторы және режиссері Г.Миргалиева. Басты рөлдерде К.Ақүрпеков, Б.Манкеева. Әлемдік дәрежеде іс-тәжірибе алмасқан театр әртістері мен мамандар ризашылықпен оралды. Көптің көңіліне ұнаған қойылым жоғары дәрежеде сахналанып,оң бағасын алды. 2008 жылы қараша айында Қазақстан театрларының ХVI республикалық фестивалі Ақтау қаласында өтті. Бұл фестиваль Қазақ өнерінің тарихында есімі алтын әріптермен жазылған өнер иесі, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналды. Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Атырау, Астана т.б.қалалардан барлығы 13 өнер ұжымы қатысты. Аталмыш шара аясында Н.Жантөриннің 80 жылдығына арнап ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Фестиваль шымылдығы облыстық музыкалық драма театр алдында актер кеудемүсінін ашумен басталды. Кеудемүсінді ашу құрметі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен актер зайыбы Маргарита Иовлеваға бұйырды. Фестивальға қатысқан Өнер ұжымдарының еңбегін бағалаған қазылар алқасының құрамында: кино және театр актері, режиссер, КСРО халық әртісі Асаналі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі профессор Есмұхан Обаев, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығай, Қазақ Ұлттық Музыка академиясының доценті Н.Жантөриннің қызы Жанна Жантөрина, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Сания Кабдиева, сынды өнер майталмандары болды. Н.Жантөриннің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған Қазақстан театрларының ХVI республикалық фестивалінде біздің театр француз драматургі Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» қойылымымен қатысып, І орын иеленді. Аталмыш фестивальде театр актрисасы Майра Бақбердиева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Н.Жантөриннің 80 жылдығына орайластырылып өткізілген шара көпшілік құрметіне бөленіп, жоғарғы деңгейде бағаланды. 2009 жылдың маусым айында Татарстан Республикасының астанасы Казань қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық фестиваліне қатысты. Абайдың 38 қара сөзі желісінде жазылған «38 немесе Қарақұрт» қойылымымен барған театр ұжымына оң баға берген театр сыншылары театр ұжымына ризашылықтарын білдірді. Театр - адамдарды тәрбиелеу,биік рухани сипаттарды қалыптастыру орны. 2012 жылы Ә.Мамбетовтың 80 жылдығына арналып, Орал қаласында өткен ХХ-шы Республикалық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Қаралы сұлу», әңгімесі С.Цвейгтің «Амок» новелла желісі бойынша «Зілзала» қойылымымен қатысып, «Ең үздің режиссер» номинациясын жеңіп алды. Құрылғанынан- ақ ізденіс жолына түскен театр ұжымы жемісті өнер шеруін жалғасытырып келеді. Әр жылғы жаңа маусымдық жоспар бойынша театр ұжымы алыс-жақын шетелдерге, республикамыздың бірнеше (Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Шымкент т.б.) қалаларын және облысымыздағы шалғай аудан қалаларға гастрольдік сапармен баруды дәстүрге айналдырады. Театрдың талантты әртістері Абайдилденов Марат, Мырзалинова Құралай, Башаров Кенжебек, Умиралиев Медғат, Манкеева Бану, Жансейтова Айнара, Бақбердиева Майра және т.б. шығармашылық ұжым өкілдері облыс әкім 2013 жылдың 27-наурыз «Халықаралық Театр күні» кәсіби мерекесіне орай, 27-наурыз күні Алматы қаласының Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Еңлікгүл - 2013» атты мәдени шара өткізілді. Бұл шараға барлық Қазақстан театрларының өнер қызметкерлері қатысты. Аталған шараға іссапар барысымен Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драмалық театрынан бас режиссері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты - Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы барып қатысты. Шараның марапаттау рәсімі өткізілу барысында «Еңлікгүл - 2013» деген Театр өнерінің кәсіби сыйлығымен марапатталып, жүлдені бас режиссер - Г. Мерғалиева иемденді. 2013 жылдың 4-7 қараша аралығында театр ұжымы Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлерге арналған І Республикалық театр фестиваліне қатысты. Онда М. Байджиевтің «Іздедім сені» аталатын психологиялық драмасын халық назарына ұсынды. Жаңа бағыт, тың идеяларды қамтыған фестивальде Қ.Тастамбеков, Т. Жаманқұлов, М. Өтекешова сынды т.б. театр майталмандары төрелік етті. 22 жастағы жаны нәзік Нәзидің рөлін сомдаған театр әртісі Манкеева Бану Асанқызы «Ең үздік актерлік шеберлігі үшін» номинациясына ие болып, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды. Театр ұжымы ағымдағы жылдың 12-15 қараша күндері Орал қаласында өткен «Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестиваліне» Г. Хугаевтың «Серттесу» атты драмасымен қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 2014 жылы Түрікменстан Республикасының астанасы Ашхабад қаласында өткен «Бақыт дәуірінің театралдық өнері» атты ІІ Халықаралық театр фестиваліне қатысты. Франция, Қытай, Ресей, Украина, Америка, Иран, Түркия, Эфиопия, Армения сияқты әлемнің 14 мемлекетінен қатысқан 16 театрдың құрамында болып, М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің, С.Цвейгтің «Амок» новелласының желісі бойынша және 2011 жылдың 11-наурызында Жапонияда болған оқиға негізінде сахналанған «Зілзала» спектаклімен өнерлерін ортаға салды. Бұл спектакль режиссері, идея авторы Г.Мирғалиеваның және шығармашылық ұжымның импровизациясымен құрылған қойылым. Режиссер тұжырымдауы бойынша әртүрлі уақыт кеңістігінде материктер мен континенттерде өмір сүріп жатқан үш әйелдің тағдыры – адам мен табиғат арасындағы үйлесімсіздіктің нақты дәлелі. 2015 жылы театр ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған Ә.Кекілбайұлының «Абылай хан» документалдық драмасын Астана қаласында өткен гастрольдік сапарында ұсынды. Театрдың шығармашылық труппасы 13-маусымының жабылуы қарсаңында Алматы облысының Райымбек ауданының Қарасаз және Сарыжаз ауылдарына, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылына Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмаларымен гастрольдік сапарға барып, Алматы облысының талғампаз көрерменін тәнті етіп қайтқан болатын. Жас ұжым 2016 жылы Ақтау қаласында өткен «ӘБІШ ӘЛЕМІ» І республикалық театр фестивалінде Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шыңырау» (режиссері, инсценировка авторы С.Потапов) қойылымы үшін «Ең үздік қойылым» - Бас жүлде «Әбіш Кекілбаев атындағы сыйлықты» жеңіп алды. Ақтөбе қаласында 2016 жылы өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде У.Шекспирдің «Гамлет» спектаклімен өнер көрсетіп, актер К.Башаров Гамлет ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын олжалап қайтты. 2017 жылы Түркияның Трабзон қаласында өткен Халықаралық Қаратеңіз театрлар фестиваліне У.Шекспирдің «Гамлет» (реж.: Г.Мирғалиева) спектаклімен қатысып, ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы дипломына ие болды. Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының 15 жылдығына, Астананың 20 жылдығы мен Ақтаудың 55 жылдығына орай 2018 жылдың 5 шілдесі күні театрдың алдында Нұрмұхан Жантөрин монументінің тұсаукесері өтті. Биіктігі 2 метр 7 сантиметрді, жалпы ескерткіш биіктігі 4,5 метрді құраған халық артисі, актер, режиссер Н.Жантөриннің қола мүсіні тұғырға көтерілді. Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалі 2019 жылы Семей қаласында өтіп, Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналды. Аталған фестивальде Алашорда мен ұлт мақтаныштарына арнау ретінде Н.Сауданбекұлы жазған «Аманат» пьесасы бойынша қойылған «Әлиханның аманаты» спектакліндегі Әлихан ролі үшін театрымыздың жетекші актері М.Өмірәлиев «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды. Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлт көсемі Әлихан бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухын әспеттеп, қазақ елін тәуелсіздікке жетелеген Әлихан образының жан-жақты ашылуына, Тәуелсіздік ұғымын болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған бірегей қойылым. Қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған қыр баласы, ұлт көсемі, елімізді еркіндікке жетелеген Әлихан бейнесі жайлы сыр шертетін реквием жанрындағы спектакльдің режиссері Г.Мирғалиева. 2019 жылы Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтті. Біздің ұжым драматургтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Мұқағали мен Фаризаның өршіл, рухты өлеңдерімен қатар қос ақынның бірін-бірі бағалаған, қадірлеп-құрметтеген адамгершілік қарым-қатынастары арқау болған «Фариза мен Мұқағали» (режиссері Н.Жұманиязов) поэтикалық драмасымен қатысып, ІІ орынға ие болды. 2021 жылы Стамбұл қаласында ТҮРКСОЙ Түркі мәдениетінің Халықаралық Ұйымы, Анатолияның 7 халықаралық театр сыйлығының қазылар алқасы режиссер Гүлсина Мирғалиеваны түркі әлемінің театр кеңістігіне қосқан үлесі үшін «ANADOLU» халықаралық театр сыйлығымен марапаттауы бүтіндей қазақ театры абыройын асқақтатты. Осы жылы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында өткен белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын...» атты республикалық фестиваліне А.Островскийдің «Найзағай» спектаклімен қатысып, театр актері Абзал Ратбек Тихон ролі үшін «Үздік актер» мәртебесіне ие болды. Соңғы жылдары Қазақстанның театр аренасында айрықша қолтаңбасымен танылып жүрген режиссер Дина Жұмабаева қойған «Найзағай» спектаклі жас әйелдің еркіндікті аңсап, бостандыққа ұмтылуы мен қорлыққа төзе алмаушылығы һақында. 2022 жылы Ақтөбе қаласында өткен V Халықаралық «BALAUSA» эксперименталды спектакльдер фестиваліне испан драматургы Гарсиа Лорканың жесір әйел Бернарда Альбаның үйіндегі шытырман оқиғаларға толы, төрт қабырғаға қамалған әйелдердің оқиғасын жеткізетін «Бернарда Альбаның үйі» атты белгілі пьесасы бойынша режиссер С.Потапов сахналаған спектакльмен қатысып, театр актрисасы Алия Бисенбиева «Үздік әйел адам ролі» номинациясымен марапатталды. Грузияның Кутаиси қаласында Ладо Месхишвили атындағы Мемлекеттік драма театрында өткен «Театральная Имерети – 2022» Халықаралық театр фестивалінде грузин драматургы А.Цагарелидің талай театрдың көрерменін мәз-мейрам етіп, күлкіге кенелткен музыкалық комедиясының желісімен жасалған заманауи поп-арт комедия жанрында режиссер Г.Мирғалиева қойған «Ханума» спектаклін көрсетіп, «Грузин драматургиясының үздік сахналық интерпретациясы» және «Үздік актерлік ансамбль» номинациялары бойынша арнайы дипломдармен марапатталып қайтты. 2022 жылы Алматыда Қазақстан Театр Сыншылары тағайындаған номинация бойынша актриса М.Бақбердиева театрымыздың Балалар жылына арналып қойылған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» атты режиссер Ф.Молдағали сахналаған ностальгия жанрындағы спектаклінде ойнаған Миллат ролі үшін «Екінші пландағы жыл актрисасы» жүлдесін алды. «Менің атым Қожа» спектаклі адамның ой-өрісі мен танымын ұшқыр қиялға жетелеп, жас көрерменді кейіпкерлер бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі етуге, адамгершілікке баулиды. Театрдың шығармашылық еңбегінің нәтижесін айқын көрсеткен 2022 жыл жемісті өтті. Көкшетауда жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерғалиев Жабал Ерғалиұлының 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген театр фестиваліне Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы» (режиссері Ә.Исаева) пьесасы бойынша қойылған спектакльмен қатысып, қоюшы суретші Т.Мамаев «Сәтті сценография» номинациясын жеңіп алды. Жиырма жыл бойы театр ұжымы көптеген театр фестивальдеріне қатысты. Соның ішінде Татарстандағы «Науруз» түркі халықтарының ІХ, ХІІ халықаралық фестивальдеріне, Қызылордада өткен Қазақстан драма театрларының ХХІІ фестиваліне, Түрікменстанның «Бақыт дәуірінің театралдық өнері» атты ІІ Халықаралық театр фестиваліне және Мары қаласындағы «Мары – түркі дүниесінің мәдени астанасы 2015» бағдарламасы аясында өткен ТҮРКСОЙға мүше елдердің ІV Мемлекеттік театр жетекшілері кеңесінің жиыны мен театр труппаларының көрсетіліміне, Астанадағы «Сахнадан сәлем!», «Самғау» атты Халықаралық театр фестивальдеріне, Беларуссиядағы «M@rt.контакт-2018» ХІІІ Халықаралық жастар театр форумына, Көкшетаудағы «ТеArt-Көкше» атты І және ІІ Халықаралық театр фестивальдеріне, Армениядағы Ереван Халықаралық Шекспир театр фестиваліне қатысумен шеберлік шыңдап, өз өнерлерін паш етті.
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы