Еркебұлан Бекен

БЕКЕН ЕРКЕБҰЛАН ТӘҢІРБЕРДІҰЛЫ

Бекен Еркебұлан Тәңірбердіұлы 1988 жылы 16 қазанда  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 2006-2007 жылдар аралығында Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында актер болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Актерлік өнер» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев шеберханасынан білім алды. 2011 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші артисі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

•   2013 жылы Жантөрин театрының 10 жылдық мерекесіне орай Мәдениет басқармасының  Алғыс хаты;

•   2014 жылы Жантөрин театрының «Жыл актері» номинациясы;

•   2015 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

•   2016 жылы Халықаралық театр күніне орай Қазақстан театр қайраткерлері Одағымен тығыз қатынас түзеп, театр өнерін дамытуға үлкен үлес қосып, шығармашылық ұйымға ұйытқы болып жүргені үшін Құрмет грамотасы;

•   2016 жылы Мәдениет және өнер күніне орай Облыс әкімінің Алғыс хаты;

•   2018 жылы Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының бесінші Каспий саммиті аясында мәдени шараларды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хаты;

•   2019 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

•   2019 жылы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған І Халықаралық «Abish Alemi» театр фестивалін ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

•   2019 жылы Халықаралық театр күніне орай Жантөрин театры қызметкерлерінің дауыс беру нәтижесінде 2018-2019 жыл қортындысы бойынша «Үздік актер» номинациясы;

•   2019 жылы Облыстық XIV «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

•   2021 жылы Мәдениет және өнер күніне орай Кәсіподақ ұйымының атынан Алғыс хаты;

•   2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының Нұр-Сұлтан қаласындағы гастролінің табысты өтуіне қосқан сүбелі үлесі үшін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың Алғыс хаты;

•   2021 жылы «NJ Fest-2021»  Жантөрин театрының «Тұмар-2021» (Театр жанашыры) номинациясы;

•   2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Актердің кәсіби дағдыларын жетілдіру. Эмоцияларды басқару»  бағдарламасы бойынша оқып, біліктілікті арттыру куәлігі;

•   2022 жылы ІІ халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

•   2023 жылы «NJ Fest-2023»  Жантөрин театрының фестивалінде «Үздік актер» номинациясы бойынша марапатталды.

 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

 

· Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Сансызбай

· Т.Әліпбаев «Томирис» - Спаргапис

· У.Шекспир «Ромео Джульетта» - Ромео

· С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Тоқтар

· Абайдың 38-ші қара сөзінің желісі бойынша «38 немесе Қарақұрт» - Тоқашбай

· З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» -  Абдулла комсомол

· О.Жанайдаров «Жұт» - Ахмет

· М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Айбар

· Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Марат

· Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мақсат

· Ә.Кекілбаев «Абылай хан» - Әбілмансұр, Әмірсана

· Д.Исабеков «Әпке» - Сұлтан

· Т.Теменов «Жолайрық» - Нұрбақыт

· Ф.Эрве «Айлакер ару» - Шамплатро

· Ә.Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» - Жаппар

· А.Володин «Қос жебе» - Жүргіш, Қалқанқұлақ

· С.Жүсіп «Адам болып өтейін» - Мәңгүрт

· Г.Хугаев «Көшкін» - Жас бала

· С.Назарбекұлы «Ант» - Есберді

· М.Хасенов «Пай- пай, жас жұбайлар-ай!» - Бекзат

· Г.Хугаев «Серттесу» - Бебе

· М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала» - Жапон жігіті

· Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Жас жігіт

· А.Камю «Калигула» - Калигула

· М.Әуезов «Қарагөз» - Сырым

· У.Шекспир «Гамлет» - Гамлет, Лаэрт

· Н.Гоголь «Ревизор» - Хлестаков

· Ш.Айтматов «Ана - Жер Ана» - Жайнақ

· Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Байсал бай, Төкен бай

· Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - көпшілік сахна

· Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Тергеуші

· С.Адай «Үрей дерті» - Сауысқан

· Т.Теменов «Аққудың көз жасы..» - Данияр

· С.Нұржан «Хан кегі» - Неплюев

· А.Кристи «Мышеловка» - Джайлс Рэлстон

· Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Жапар

· А.Цагарели «Ханума» - Тимотэ

· Г.Горин «Атың өшсін» - Крисипп

· Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Теодоро

· С.Нұржан «Хан кегі» - Тевкелев

· А.Островский «Найзағай» - Борис Григорьевич

· Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Қожа

· И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - жас Қожақ

 

 

ЕРТЕГІЛЕР:

· М.Абай-Ділдәнің «Шрек» - Қарға

· «Балшық бала» - Балшық бала,

· «Тақиялы ботақанда» - Қасқыр,

· «Туған күнде» - Маймыл

· Ш.Перроның «Етік киген мысық» - Маркиз де Карабас,

· мысық,

· Орыс халық ертегісі «Бауырсақта» - Қоян

· Ағайынды Гриммдердің «Бремен музыканттары» - Трубадур,

· «Белоснежка және жеті гномда» - Ашуланшақ гном

· М.Томановтың «Қошқар мен теке» - Теке

· О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» - Спорт

 

  Қоюшы режиссер ретінде:

· Ш.Перроның «Золушка»

· Ш.Перроның «Сұлу мен Құбыжық»

· Ағайынды Гриммдердің «Белоснежка және жеті гном»

· «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен қойылған «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты балаларға арналған ертегілерді сахналады.

ФИЛЬМОГРАФИЯ:

· Толықметражды фильм «Хотя бы в кино» - Электрик

· Телехикая «Сезім толқыны» - Жұмабек

 

 

  





12
>