Медғат Өміралиев
МЕДҒАТ ӨМІРӘЛИЕВ
Нұрмұхан Жантөрин атындағы маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі
«Дарын » Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
«Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының жеңімпазы
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Театр іргетасын қалаушылардың бірі
1981 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының қалыптасып, өркендеуі жолында табысты еңбек етіп жүрген алдыңғы буынның көрнекті өкілі. Медғат Өмірәлиев 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимовтың шеберханасында білім алды. 2003 жылы «Актерлік өнер» мамандығы бойынша академияны тәмәмдағаннан кейін, Маңғыстау көрерменіне алғаш рет шымылдығын ашып жатқан Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынды. 2021 жылдан бері театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда М.Өмірәлиев театрда 50-ге жуық басты рольдерді сомдап жүрген жетекші әрі шебер актер.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•2004 жылы «Жоғары әртістік шеберлігі үшін» Алғыс хаты;
•2007 жылы театр директорының «Жыл әртісі» номинациясы;
•2011 жылы облыс әкімінің «Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты;
•2011 жылы облыс әкімінің «Каспий – достық» мерекесін ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін Алғыс хаты;
•2012 жылы Атырау облысы Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;
•2013 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат Министірлігі Мәдениет комитеті төрағасының «Құрмет грамотасы»;
•2014 жылы ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
•2016 жылы «Еңлікгүл-2016» кәсіби театр сыйлығының «Жылдың ең үздік актері» аталымы бойынша иегері;
•2016 жылы «Жыл адамы – 2016» номинациясының иегері;
•2019 жылы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалінде «Әлиханның аманаты» спектакліндегі Әлихан ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы;
• 2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
•2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;
•2020 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;
• 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаты;
•2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу өнері» бағдарламасы бойынша оқып, біліктілікті арттыру куәлігін алды;
•2022 жылы ІІ халықаралық «ABISH ALEMI» театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
•Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Жантық
• Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Базарбай
•У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Лоренцо пірәдар,Тибальт
•Ф.Эрве «Мадемуазель Нитуш» - Полковник
•Ж.Б.Мольер «Тартюф» - Оргон
•А.П.Чехов «Скандальные истории» - Иван Васильевич Ломов
•Б.Беделханұлы «Махамбет» - Жәңгір хан
•А.Вампилов «Старший сын» - Сарафанов
•Т.Әліпбаев «Томирис» – Шаншар
•С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Макхам
•Н.Птушкина «Күтпеген махаббат» - Игорь
•Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Ерғали
•А.Володин «Қос жебе» - Ру басы
•Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Қырманбай
•С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Қожаназар
•Г.Хугаев «Серттесу» - Тұзар
•Ә.Кекілбайұлы «Абылай хан» - Абылай хан
•М.Әуезов «Қарагөз» - Нарша
•Т.Джюдженоглы «Көшкін» - Әкесі
•С.Жүсіп «Адам болып өтейін» - Барғай
•С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Қайырбай
•Д.Исабеков «Әпке» – Тимур
•А.Камю «Калигула» - Сципион
•З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» – Мәжит
•М.Мақатаев «Қош махаббат» - Асан
•У.Шекспир «Гамлет» - Полоний
•Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Байсал бай
•Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Әлихан Бөкейхан
•Т.Теменов «Аққудың көз жасы» - Раймалы ата
•С.Нұржан «Хан кегі» - Әбілқайыр хан
•Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Мұқағали
•А.Чехов «Чудесные люди» - Хирин Кузьма Николаевич
•Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Жөнейіт
•Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай» - Құнанбай
•О.Бөкей «Атау кере» - Аңшы шал
•А.Островский «Найзағай» - Дикой
•Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Қаратай
•И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - Қожақ
ЕРТЕГІДЕГІ РОЛЬДЕРІ:
•А. Толстой «Алтын кілт» - Артемон
•Н.Чинкебаева «Аладиннің сиқырлы шамы» - Айдаһар
•М.Абай-Ділдә «Шрек» - Шрек
•М.Абай-Ділдә «Тақиялы ботақан» - Тақиялы ботақан
•Ш.Перро «Етік киген мысық» - Адам жегіш
•Ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» - Есек
М.Өмірәлиев Қазақстанның кино өнерінде де өз орны бар актер. Ол көптеген отандық кинотаспаларда басты рольдерді сомдады. Қазақ театр және кино өнерін дамытуға қосқан өзіндік үлесі талай рет мадақталды.
Фильмография:
•2013 жылы Г.Мирғалиеваның «Перзентхана» спектаклінің желісі бойынша түсірілген «Кәусар» көркем фильмінде реж: Г.Миргалиева Нұрлан Амангелдиевич.
•2013 жылы «Күләш» көпсериалы фильмінде реж: Ж.Пошанов Қанабек Байсейітов.
•2015 жылы «Қыз жолы» сериалында реж: А.Бейсенбин Самат Бауыржанұлы.
•2016 жылы «Өгей жүрек» сериалында реж: Е.Нургалиев Арман.
•2016 жылы Абайдың қара сөздерінің желісі бойынша түсірілген С.Зәкірұлының «Ақылдың кілті-2» киноэпопеясында реж: М.Бидосов совхоз директоры Қабен.
•2017 жылы Д.Исабековтың «Балуан Шолақ» көркем фильмінде реж: Н.Смагулов Ақылбай.
•2017 жылы С.Зәкірұлының «Tar zaman» телехикаясында реж: М.Бидосов Әлихан Бөкейхан.
•2020 жылы Р.Сүлейменов, А.Ахметова, Р,Азаматовтың «Замандастар» телехикаясында реж: Е.Нұрмұхан, И.Джалилов тергеуші Ерлан.
•2021 жылы Н.Хайдар, Д.Бейсенбекұлының «Тұмар» Маңғыстаулық тұңғыш телехикаясында (реж.: Р.Кенжебаев) Бағдат Сәмекенұлы.
•2021 жылы Қазақстан Ұлттық арнасының арнайы жобасы Ж.Көшербаев, А.Дүйсенбі, А.Сқабылұлының 1823-1845 жылдары Бөкей ордасында билік құрған Жәңгір ханның өмірі туралы «Сарай сыры» тарихи телехикаясында (реж.: Б.Сәнитас) Жәңгір хан.
•2022 жылы Қорқыт-ата өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірлесіп түсірген «Қорқыт Ата» атты алғашқы бірлескен тарихи телехикаясында (реж.: Қ.Мұстафин) Қарабақсы.
•2022 жылы «Қара қыз» фильмінде (реж.: Т.Теменов) Мұратхан.
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы