Анар Бейсенбина

АНАР БЕЙСЕНБИНА

Театр іргетасын қалаушылардың бірі

Мәдениет саласының үздігі

Бейсенбина  Анар Қазыбайқызы 30.05.1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы, Майбалық ауылында  дүниеге келген. 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «Актерлік өнер» мамандығы бойынша профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахилям Машурованың шеберханасынан тәмәмдады.

2003 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші артисі. Жантөрин театрдың қалыптасып, өркендеуі жолында табысты еңбек етіп жүрген үлкен буынның көрнекті өкілі.

2015 жылдан бері Маңғыстау өнер колледжінде «актер шеберлігі және сахна тілінен» дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеумен айналысады. 2012 жылдан бастап театрдың труппа меңгерушісі аталатын қызметті асқан еңбекқорлықпен, ар-абыроймен атқарып келеді. Анардың театрымыздың, өлкеміздің түрлі шараларын ұйымдастырудағы еңбегі өте бағалы. 

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

 

·   2008 жылы театр директорының «Мадақтама грамотасы»;

·   2008 жылы  Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының «Өнер жолындағы ерекше еңбегі үшін» Алғыс хаты;

·   2013 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»;

·   2014 жылы  театр директорының «Театр тірегі» Алғыс хаты;

·   2015 жылы Халықаралық театр күніне орай Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасы»;

·   2015 жылы М.Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрында режиссер көмекшісі ретінде біліктілігін жетілдірді;

·   2016 жылы Халықаралық театр күніне орай Облыс әкімінің Алғыс хаты;

·   2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2016 жылы «Әбіш Әлемі» Бірінші республикалық театрлар фестиваліне ат салысқаны үшін театр директорының Алғыс хаты;

·   2017 жылы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында және А.Әшімовтың 80 жылдығына арналған І Каспий жағалауы елдерінің халықаралық театр фестивалін өткізуге қосқан ерен еңбегі үшін облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2018 жылы театрдың 15 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2018 жылы Ақтау қаласының 55 жылдығына орай төс белгісі;

·   2020 жылы Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хаты;

·   2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;

·   2022 жылы ІІ Халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 .   2023 жылы Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX Республикалық фестивалінде М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" спектаклінде Ғазизаның әжесінің рөлі үшін "Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі" номинациясын иеленді.

  СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

 

·   Н.Птушкина «Күтпеген махаббат» - Софья Ивановна

·   Дарио Фо «Свободная пара» - Она

·   Ж.Мольер «Тартюф» - Мариана, Пернель ханым

·    Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Дәметкен

·   Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Батсайы, Дүрия, Қамқа

·   С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Бостан

·   С.Назарбекұлы«Ақбөбек» - әнші қыз

·   Т.Джюдженоглы «Көшкін» - Кіндік шеше

·   Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Күнекей

·   С.Құдайбергенов «Перзентхана» - Зина апай, Айман

·   Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Барболдың қалыңдығы

·   Ф.Эрве «Айлакер ару» - Әкім әйел

·   З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» - Садрикамал

·   И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Баронесса

·   А.Володин «Қос жебе» - Кейуана, Жесір әйел

·   М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала » - Бақсы

·   С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» -  Фатима

·   Р.Куни «Она, она, окно, покойник» – Глэйдис

·   Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Гүлнұр

·   Д.Исабеков «Ескі үйдегі кездесу» - Зейнеп

·   С.Адай «Үрей дерті» - Саз

·   Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Анарда

·   С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Фарида

·   Гарсиа Лорка «Бернарда Альбаның үйі» - Понсия

·   Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» - Қожаның әжесі

·   Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» - Қорлан

·   М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ғазизаның әжесі

ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

А.Толстой «Алтын кілт» - Мальвина

М.Абай-Ділдә «Тақиялы ботақан» - Сауысқан

М.Абай-Ділдә «Туған күн» - Торай

Ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» - Қарақшы әйел

Ш.Перро «Золушка» - Фея

КИНОДАҒЫ РОЛЬДЕРІ:

2021 жылы Н.Хайдардың ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тел өскендер» (реж: Р.Кенжебаев) қысқа метражды көркем фильмінде Маржан.

2021 жылы Н.Хайдар, Д.Бейсенбекұлының «Тұмар» Маңғыстаулық тұңғыш телехикаясында (реж.: Р.Кенжебаев) Дәрия.





12
>