Нұрсұлтан Жексембаев

Жексембаев Нұрсұлтан Сәндібайұлы

Жексембаев Нұрсұлтан Сәндібайұлы 1993 жылы тамыз айының 29 жұлдызында Түркменстан Республикасы, Балқан облысында дүниеге келді. 2013 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында артист қызметін атқарып келеді. Қырғыстан Республикасы Бишкек қаласындағы Б.Бейшеналиева атындағы Мәдениет және өнер университетін «Актерлік өнер», «Кино және драма театрының актері, педагог»  мамандығы бойынша 2019 жылы тәмамдады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

• Театр директорының атынан Мадақтама;

• 2016 жылы Халықаралық Театр күні мерекесіне орай «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты;

• 2017 жылы Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

• 2017 жылы «Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты;

• 2018 жылы Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

• 2018 жылы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының бесінші Каспий самалы аясында мәдени шараларды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хаты;

• 2018 жылы Маңғыстау облысы «Қамқор-Ақтау жастары» ҚҚ директорының Алғыс хаты;

• 2018 жылы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқым елдің мұзбалағы» атты жас ақындар байқауына ауқымды үлес қосқаны үшін Алғыс хаты;

• 2019 жылы «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы мәдени-демалыс кешені» КММ директорының Алғыс хаты;

• 2019 жылы Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген мәдени-көпшілік шараларға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаты;

• 2019 жылы Ақтау қаласы әкімінің Елбасының болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Жастар жылы» аясында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің 45 жылдығына орай «Шабыттан, Жаса, Жарқыра» атты шығармашылық мега жобасында арнайы жүлде «Үздік Артист» номинациясының иегері;

• 2020 жылы Маңғыстау облысында өткен «Наурыз-Думан» ұлттық жобасында «Сегіз қырлы, бір сырлы – 2020» номинациясының жеңімпазы;

• 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген «Абай әндері» онлайн-байқауына қатысып, Абай әнін дәстүрлі жүрекке жеткізе орындағаны үшін «Дүлдүл» жүлдесі;

• 2020 жылы «Туған жер» партиоттық-шығармашылық фестиваліне төл туындысымен қатысып, туған өлкесіне деген махаббатын ерекше сезіммен жеткізе білгені үшін Ұлттық дельфий комитеті директорының ІІІ дәрежелі диломы;

• 2021 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Хабар» Агентігі» АҚ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «ХабарSTAR» республикалық байқауының «Эстрада» номинациясы бойынша «Бас жүлде» жеңімпазы атанды.

 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

· Дулат Исабеков «Әпке» драма - Омар

· Шыңғыс Атматов «Ана жер Ана» - Майсалбек

· Рэй Куни «Он, она, окна, покойник» - Джордж Пигден

· Н. Гоголь «Ревизор» - Осип

· Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» - Бөкенбай

· Нартай Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Мағжан Жұмабаев

· Сабыр Адай «Үрей дерті» - Қасқыр

· Жабал Ерғалиев «Жан шырылы» - Асқар

· Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Кико

·  Олжас Жанайдаров «Жұт» - Даяшы

·  Уильям Шекспир «Гамлет» - Гильденстерн

·  Заки Зайнуллин «41 дің келіншектері» - Мәжит

·  Р. Хугаев «Серттесу» - Тұзар

·  М. Қасенов «Пай-пай, жас-жұбайлар-ай» - Қасым

·  А. Володин «Қос жебе» - Жаршы

·  Ф. Эрве «Айлакер ару» - Шамплатро

·  Әбіш Кекілбаев «Абылай хан» - Елші

·  Светқали Нұржан «Хан кегі» - Төленгіт

·  Агата Кристи «Мышеловка» - Джайлс Рэлстон

·  Қанат Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Жасболат

·  Әбіш Кекілбаев «Күй» - Күйші

·  М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Төлеген

· Г.Қамысбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - жас жігіт

· В.Легентов «La mom Piaf» - пантомим

·  «Аққудың көз жасы» - Барақбай

· М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Жақып

 

 

ЕРТЕГІЛЕР:

· «Балшық бала» - Ит

· «Шытырман шырша» - Күзетші

· «Бремен музыканттары» - Тыңшы

· «Шрек» - сиқыршы

· «Қошқар мен Теке» - Қошқар

· «Ер Төстік» - Жел аяқ

· «Қожа мен спорт» - Боксшы

· «Маугли» - Ата бөрі

· «Золушка» - Жаршы

· «Белоснежка және жеті гном» - Ханзада, Көңілді гном

· «Тас бол» - Әке

· «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Уәзір

· Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Гастон 





12

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>