Айдос Тастаев
АЙДОС ТАСТАЕВ
Актер
Театр іргетасын қалаушылардың бірі
Мәдениет саласының үздігі
1979 жылы 23 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келді. 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «Актерлік өнер» мамандығы бойынша профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахилям Машурованың шеберханасынан бітіріп шықты.
2003 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші артисі. Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының қалыптасып, өркендеуі жолында табысты еңбек етіп жүрген алдыңғы буынның көрнекті өкілі.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
· 2008 жылы театр директорының «Театр өміріндегі белсенділігі мен зор еңбегі үшін» Мадақтама грамотасы;
· 2010 жылы театр директорының «Адал еңбегі үшін» Алғыс хаты;
· 2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;
· 2015 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет басқармасының Алғыс хаты;
· 2016 жылы Халықаралық театр күніне орай Театр Қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасы»;
· 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;
· 2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»;
· 2018 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;
· 2018 жылы Ақтау қаласы әкімінің Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «AQTAY-55» төсбелгісі;
· 2020 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласына сіңірген зор еңбегі үшін «Құрмет грамотасы»;
· 2020 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;
· 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының Нұр-Сұлтан қаласындағы гастролінің табысты өтуіне қосқан сүбелі үлесі үшін Алғыс хаты;
· 2022 жылы ІІ халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
· Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасында Төлеген
· Т.Әліпбаевтің «Томирис» драмасында Қабаған
· У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясында Актер, Полоний
· Н.Гогольдың «Ревизор» комедиясында Ляпкин-Тяпкин
· Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Айдар
· У.Шекспирдің «Ромео – Джульетта» трагедиясында Капулетти
· Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» музыкалық комедиясында Густав
· Б.Беделханұлының «Махамбет»поэтикалық драмасында Қарауылқожа
· С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Мамыр
· С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» драмасында Сұлтанғали би
· Р.Кунидің «Он, она, окно, покойник» комедиясында Ричард
· Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Нарбол
· А.Камюдің «Калигула» трагедиясында Патриций
· Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Жахан
· Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасында Зарқымбек
· З.Зайнуллиннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасында Шәңгерей
· С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасында Барғай
· С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» драмасында Нұрлан Амангельдиевич
· С.Сматаев, Т.Теменовтың «Жолайрық» драмасында Қайыржан
· Ә.Кекілбайұлының «Абылай хан» документалдық драмасында Дәулетбай, тарихшы
· Ж.Ерғалиевтың «Жан шырылы» драмасында Жұман
· Н.Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» реквиемінде Ахмет Байтұрсынұлы
· С.Адайдың «Үрей дерті» әфсанасында Саз
· Ш.Айтматов, Т.Теменовтың «Аққудың көз жасы..» лирикалық драмасында Бай
· С.Нұржанның «Хан кегі» поэтикалық драмасында Барақ сұлтан
· Р.Отарбаевтың «Фариза мен Мұқағали» поэтикалық драмасында Күшеншек ақын
· А.Цагарелидің «Ханума» поп-арт комедиясында Микич Котрянц
· Ә.Кекілбайұлының «Күй» спектаклінде Аннадүрді
· А.Чеховтың «Чудесные люди» комедиясында Шипучин Андрей Андреевич
· Лопе де Веганың «Шөп қорыған ит» музыкалық комедиясында Граф Лудовико
· О.Бөкейдің «Атау кере» драмасында Аңшы шал
· Г.Қамысбаева, Т.Алтаеваның «Биіктік. Табылды Досымов» драмасында Табылды
· Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» ностальгиясында Әубәкір
· Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасында Естай
ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОЛЬДЕРІ:
· А.Толстойдың «Алтын кілт» ертегісінде Дуремар
· «Ормандағы оқиға» ертегісінде Аю
· А.Михалковтың «Үш торай» ертегісінде Торай
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы