Нұржан Қасым
ҚАСЫМОВ НҰРЖАН ҚАБДУЛЛАҰЛЫ
Қасымов Нұржан Қабдуллаұлы 1997 жылы 18 тамызда Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келді. Шалқар ауданындағы №8 жалпы орта білім беретін мектепте оқып, 2015-2019 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Драма театры және кино артисі» мамандығында ұстаздары Маман Байсеркенов, Оразхан Кенебаев, Дариға Тұранқұлова, Әсет Иманғали шеберханасында оқыды. 2019 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.
•Лопе де Веганың «Шөп қорыған ит» музыкалық комедиясына арнайы жазылған жаңа ән мәтіндерінің авторы
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
•Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Қайыржан
•Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Бала Құрбан
•С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Тоқта
•Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» -Мағжан Жұмабаев
•А.Володин «Қос жебе» - Бізтұмсық
•М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Төлеген
•М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Қасым
•С.Адай «Үрей дерті» - Жылан
•Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Актер, ақын
•Д.Исабеков «Әпке» - Сұлтан
•Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мақсат
•М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай» - Қасым
•У.Шекспир «Гамлет» - Розенкранц
•Л.Разумовская «Дорогая Елена Сергеевна» - Паша
ЕРТЕГІЛЕР:
•Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Әтеш
•Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» - Шома
•Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Уәзір
•Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Когсворт
•«Ну, погоди» - Пумба
КИНОДАҒЫ РОЛЬДЕРІ:
•2021 жылы Н.Хайдар, Д.Бейсенбекұлының «Тұмар» Маңғыстаулық тұңғыш телехикаясында (реж.: Р.Кенжебаев) Алтай.
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы