Бағлан Игдирбай
ИГДИРБАЙ БАҒЛАН АЙТБАЙҰЛЫ
Игдирбай Бағлан Айтбайұлы 2001 жылы 6 шілдеде Түркістан облысының Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылдан бері тұрғылықты жері Ақтау қаласы. 2018-2022 аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Драма театры және кино артисі» мамандығы бойынша ұстазы Асанәлі Әшімов шеберханасынан білім алды. 2020-2021 жылы III-курс кезінде театрымызда өндірістік оқу тәжірибесінен өтті. 2022 жылдан бастап осы театрдың артисі.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
•Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Тристан
•Ә. Кекілбайұлы «Шыңырау» - Еңсеп
•Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Дүйімқара
•И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Барон
•М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ысмайыл
•С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Кедей батыр
•К. Камю «Калигула» - Херея
•Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Айбол
•Ф. Эрве «Айлакер ару» - Густав
•Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы...» - Би
•Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Әбілмәжін Жұмабаев
•М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Қоңқақмұрын
•Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Ахмет Байтұрсынов
ЕРТЕГІЛЕР:
•«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Джин
•Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Құбыжық
•Қазақ ертегісінің желісі бойынша «Тас бол» - Үлкен баласы
•Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Аю
•Халық ертегісі «Ер Төстік» - Айдаһар
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы