Ақеркем Екібаева

ЕКІБАЕВА АҚЕРКЕМ ЖАҚСЫҒАЛИҚЫЗЫ

Екібаева Ақеркем Жақсығалиқызы 2001 жылы 1 шілдеде Атырау қаласында дүниеге келген. 2018-2022 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша ұстазы Асанәлі Әшімов шеберханасынан білім алды. 2022 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ: 

2023 жыл Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқан үшін Сертификатпен марапатталды.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Арай

Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Барболдың жұбы

Г.Қасымбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - Әнші қыз.

 





12

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>