Өміралиев Медғат

 

Умиралиев Медғат Куандыковыч

(ҚР Үкіметінің «Дарын » мемлекеттік Жастар сыйлығының және «Еңлікгүл – 2016» театр өнерінің кәсіби сыйлығының лауреаты, театр және кино әртісі)

Умиралиев Медғат Куандыковыч 1981 жылдың 10 қыркүйек күні Алматы облысында дүниеге келген. 1999 жылы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түсіп, 2003 жылы «кино және театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты. 2003 жылдан бері Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық Музыкалық драма театрының жетекші, әрі шебер әртісі. Ол 30-дан аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер. Ол өте дарынды, талантты өнер иесі.

Театрда қызмет атқарған жылдары М.Куандыкович Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясында – Жантықтың, «Қыз Жібек» трагедиясында – Базарбайдың, Ә.Оразымбетовтың «Бір түп алма ағашы» драмасында – Ерғалидың, А.Володиннің «Қос жебе» драмасында – Ру басының, С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» фантосмагориялық драмасында – Қожаназардың, Г.Хугайдың «Серттесу» («Қара шекпен») драмасында – Тұзардың, Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» документальдық драмасында Абылайдың, Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасында Игордың, т.б. басты рөлдерді шынайы ойнауы көрерменінің жүрегінен ойып тұрып орын алды.

Ол сонымен қатар, білікті де талантты кино әртісі. Бұған дейін Г. Мерғалиеваның «Перзентхана» драмасы желісі бойынша түсірілген «Кәусар» фильмінде басты роль Нұрлан Амангелдиевич бейнесін, Күләш фильмінде басты роль Қанабек бейнесін сомдады. Қазіргі таңда Алматы қаласында отандық туынды – көп сериалды «Қыз жолы» телехикаясына түсу үстінде.

Қазақ театр және кино өнерін дамытуға қосқан өзіндік үлесі талай рет мадақталып, 2004 жылы С.Еңсегеновтың «Жоғары әртістік шеберлігі үшін» Алғыс хатымен, 2007 жылы театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Н.Мұхановтың «Жыл әртісі» номинациясымен, 2011 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен және «Каспий - достық» мерекесін ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін Алғыс хатымен, 2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай, Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Медғат Умиралиев 2015 жылы ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының және 2016 жылы «Еңлікгүл – 2016» театр өнерінің кәсіби сыйлығының лауреаты атанып, Қазақстанның ең үздік жыл әртісі болып танылды.





12
>