Керімбаева Эльмира

 

Керімбаева Эльмира Шаңытбаевна

(театр және кино әртісі)

  Керімбаева Эльмира Шаңытбаевна 1982 жылы 17-ші қарашада  Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1999-2003 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетінің «Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы мамыр айында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «кино және театр әртісі» мамандығы бойынша 6 айлық біліктілікті жетілдіру курсын  бітіріп шықты.

2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының әртісі. Көптеген басты ролдерді сомдап, көрермендер көзайымына айналды.

Керімбаева Эльмира даусы бірінші сопрано, бишілік, сахналық қабілеті жоғары, өз ісіне ұқыпты, жауапты, сахнаның тілін түсінетін актриса. Осы 13 жыл ішінде  театрдың дамуына қосқан үлесі зор. Сонымен қатар театрдың қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысып, жас актерларды тәрбиелеуде, актер шеберлігін дамытуда үйретуге жалықпайтын еңбекқор актриса. Көп әртістен ерекшелігі өзін өсіруде үлкен сынмен қарайды. Көптеген басты негізгі ролдерді сомдауда. Ампуласы кең актриса.

Ол қызмет еткен жылдары ішінде Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясында Дүрияның, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасында Қайыптың қарындасының, Т.Теменовтің «Жолайрық» драмасында Арайлымның, Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиясында Динаның, С.Құдайбергеннің «Перзентхана» драмасында Жанна Оспановнаның, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ғашы» драмасында Әлияның, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Мулояның, А.Володинннің «Қос Жебе» драмасында Тасбақаның, Т.Жуженоглының «Көшкін» драмасында келіншектің, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» драмасында Нәзікештің, С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасында Бұлғынның, М.Қасеновтің «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясында Банудың, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» трагедиясында Таңсықтың, Г.Хугаевтың «Серттесу» драмасында қарғаның, М.Әуезов, С.Цвейгтің «Зілзала» трагедиясында Сәуленің, З.Зейнуллинннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасында Әсиманың, Д.Исабековтің «Әпке» драмасында Светлананың, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Шүйкетайдың, С.Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз» драмасында Айжанның, Р.Кунидің «Он она окно покойник» комедиясында Джейннің, т.б. рөлдерді сомдап келеді.

Эльмира Шаңытбаевнаның осы уақытқа дейін атқарған толассыз қызметі, табанды еңбегі басшылық тарапынан ескеріліп, 2009 жылы театрдың  директоры  Н.Мұхановтың «Үміт күттірер әртіс» номинациясымен, 2011 жылы Халықаралық Театр күні мерекесіне орай облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс хатымен, 2013 жылы Театрдың 10 жылдық мерекесіне орай облыс әкімі А.Айдарбаевтың Алғыс хатымен, 2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай театрдың «Театр тірегі» номинациясымен, 2015 жылы 21 мамыр Мәдениет және өнер күні мерекесіне байланысты Облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен, 2016 жылы 27 наурыз Халықаралықтеатр күні мерекесіне орай Театр Қайраткерлері Одағының Құрмет Грамотасымен марапатталды.





12
>