Әбенова Айнұр


Абенова Айнур Жаксыбаевна
(театр және кино әртісі)

Абенова Айнур Жаксыбаевна 04.03.1982 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында дүниеге келген. 1989-1999 жылы мектеп қабырғасын бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер және кино академиясына түсіп, 2003 жылы «Драма театрының әртісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2003 жылы Маңғыстау облысының Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртіс қызметіне жұмысқа қабылданды.
2006 «Жыл әртісі» номинациясының иегері атанды.
2009 жылы театр өміріндегі «Адал еңбегі» дипломымен марапатталды.
2010 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай, «Театр ісіне қосқан үлесі үшін» номинациясымен марапатталды.
Абенова Айнұр театрда қызмет еткен жылдары Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасында Әлияның, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасында әнші қыздың, Ф.Эрвенің «Айлакер ару» музыкалық комедиясында Лидияның, С.Құдайбергеннің «Перзентхана» драмасында жаңадан келген босанушының, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Башорттың, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» драмасында Фариданың, Ә.Кекілбаевтың «Адам болып өтейін» драмасында Бұлғынның, Ж.Әліпбаевтың «Томирис» драмасында Бұрының, Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасында Сағыныштың рөлдерін сомдап келеді. Сонымен қатар, Айнур 2011 жылдың 11-ші наурызында Жапонияда болған зілзала суреттелетін және М.Әуезовтың «Қаралы сұлу»әңгімесі мен С.Цвейгтың «Амок» новелласының желісімен сахналанған «Зілзала» драмасының, т.б. қойылымдардың басты рөлдерін ойнап, көрермен көзаймына айналып жүр.





12
>