Бақбердиева Майра

Бақбердиева Майра - XVI ҚР театрларының фестивалінде (ең үздік әйел бейнесі) номинациясының лауреаты

  

Майра Бақбердиева Сәрсенқабылқызы

(2 мәрте «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері,

театр және кино әртісі)

Майра Сәрсенқабылқызы 01.05.1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық-драма театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты.

2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының жетекші, әрі шебер әртісі. Ол 30-дан аса рөлдерді сомдайды.

Майра дауысы альт, қазақ аналарының образын шебер сомдайтын, өз ісіне жауапты, берілген рольдерін межесіне жеткізе орындайтын шебер актриса. Шығармашылық ізденісте жүріп, ролін жан-жақты қырынан аша біледі. Қойылым атмосферасын, жанр ерекшелігін сезінеді. Әйел психологиясының нәзік тұстарын бере білетін шеберлігімен  ерекшеленеді. С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» драмасындағы Хадиша бейнесі қазақ аналарының символы десек артық емес. Майраның дауысы ырғақты, сахналық тілі тұнық. Қала, облыс, республика көлеміндегі көптеген қоғамдық шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысады.

М.Бақбердиева 2008 жылы Қазақстан театрларының XVI Республикалық фестивалінде “2-ші пландағы ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен, 2009 жылы Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Н.Мұхановтың «жыл әртісі» номинациясымен, Тәуелсіздіктің XX жылдығына арналған, Қазақстан театрларының XIX Республикалық фестивалінде «ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен марапатталды. 2011 жылы Е.Обаев «Ең үздік екінші пландадағы әйел бейнесі» номинациясы бойынша, 2013 жылы Облыс әкімі  А.Айдарбаев театр саласының дамуына қосқан үлесі үшін, 2015 жылы 21-ші мамыр Мәдениет және өнер күні мерекесіне орай, Нұр Отанның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Майра қызмет еткен жылдары ішінде театр репертуарындағы У.Шекспир «Ромео мен Джульетта»– Емшек шешесі, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі»– Башарод, Птушкина «Пока она умирала» комедиясында – С.Ивановна,  Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» –Ләйлә, Л.Разумовская «Сад без земли» -Кемпір,Ф.Эрве  «Мадемуазель Нитуш» - Карина,  Т.Әліпбаев «Томирис» Жауынгер тигр, С.Құдайберген «Перзентхана»  - Хадиша, Г.Хугаев «Көршілер» – Марго, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» Бану, С.Назарбек «Ақбөбек» Сәнтөре, А.Володин «Қос жебе» - Кейуана, Т.Джюдженоглу «Көшкін» драмасында – Келін, С.Жүсіп «Адам болып өтейін» – Елті, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Мақпал, З.Зайнуллиннің «41-ші жылдың келіншектері» - Садрикамал, И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Шәмшінің анасы, Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Гүлбарам. Г.Хугай «Ақырзаман» драмасында – Бұлаң және т.б. көптеген қойылымдарда басты рольдерді сомдайды. 





12
>