Ақтаев Рамазан

  

(театр және кино әртісі)

Ақтаев Рамазан Әзімтайұлы, 1977 жылы 1-ші қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келді. 1995-1998жж. аралығында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінің вокал және хор бөлімдерін бітірген. 1998-2004 жылдар аралығында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера балет театрында жұмыс жасаған.2011 жылы Б.Бишеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының «драма әртісі» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылдан бері Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әртісі. Ол 25-ден аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер.

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясында Жарқын, «Қыз Жібек» трагедиясында Шеге, Т.Әліпбаев «Томирис» драмасында – уәзір, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасында Бегей, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» комедиясында Режиссер, О.Хугаев «Көршілер»- Сандро, А.Володин «Қос жебе» - мүсінші, С.Назарбек, Н.Мұқан «Ант» - Орынбор би, Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасында Шәмші, М.Қасеновтың «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» комедиясында Қасым және т.б. қойылымдардың басты рөлдерін сомдады.

Оның дауыс ырғағы, сахналық келбеті, роль бейнелеудегі ізденісі, пластикалық икемділігін өте жоғары. Кез-келген образды өз деңгейінде шығара алады. Кейіпкерлері хан, төре, би, сал-сері, бозбала және т.б. болсын, Рамазан әрқайсысын өз жасына, өз ортасына сай етіп бейнелейді. Қоңыр дауысымен әр монологын, әр сөйлемін күмбірлете төгілтіп, сахнаны өз еркіне баулай алады. Шеберлігін арттыруда талмай еңбек етеді. Сыншылар мен көрермендер тарапынан үнемі жылы лебіз бен жоғары марапатқа ие болып келеді.

Жетістіктері:

2005 жыл, Театрдың Алғыс хатымен;
2009 жыл, Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғысы;
2013 жыл, Қазақстан қоғам қайраткерлер Одағының Алғыс хатымен;
Ақтаев Рамазан Әзімтайұлын Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынамыз.





12
>