Башаров Кенжебек
Башаров Кенжебек Калилаевич
(театр және кино әртісі)
Башаров Кенжебек Калилаевич, 1980 жылы 27-ші мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1999 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «кино және театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты.
2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының жетекші, әрі шебер әртісі.
Ол 30-дан аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер. Талантты, дарынды өнер иесі. Әсіресе, Кенжебек Калилаевич Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясында Қарабай, У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясында Меркуцио, Абайдың 38-ші қара сөзінің желісімен қойылған «38 немесе Қарақұрт» спектаклінде Ескендір, Ж.Мольердің «Тартюф» комедиясында Тартюф, Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» музыкалық комедиясында Флоридор, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Махкам, М.Байджиевтың «Іздедім сені» драмасында Ескендір, Т.Әліпбаевтың «Томирис» драмасында Крез, С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» драмасында Ержан Қыдырбаев, С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасында Жоламан, О.Хугаевтың «Көршілер» комедиясында Сандро, С.Назарбектің «Ақбөбек» драмасында Есберген, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасында Тұрсын және т.б. көптеген қойылымдарда басты рольдерді сомдап келеді. М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесі, С.Цвэйктің «Амок» новелассы және 2011 жылы Жапонияда болған зілзаланың (цунами) желісімен режиссер Г.Мерғалиева 2012 жылы сахналаған «Зілзала» қойылымында Кенжебек Башаров басты рольдердің бірін сомдады.
Жетістіктері:
- 2010 жылы театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Н.Мұхановтың «Жыл әртісі» номинациясымен;
- Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының бастығы М.Ғұмарованың «Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен;
- 2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай, Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасымен;
- 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
- 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Ақтөбе қаласында өткен XXIV Республикалық театр фестивалінде У.Шекспирдің "Гамлет" /трагедия/ қойылымындағы Гамлет ролін сомдағаны үшін "Үздік ер адам бейнесі" аталымының иегері атанды.
- 2018 жылы 27-ші наурыз - Халықаралық театр күні мерекесі қарсаңында Қазақстан театрлары Ассоциациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен "Сахнагер-2018" Ұлттық театр сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысқан К.Башаров "Үздік екінші план актері" номинациясымен марапатталды.
Справочная информация
Касса: 60-10-04
Общие вопросы: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
События
03 сентября 2018
ІІ Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран, посвященный 90-летию Нурмухана Жантурина
08 августа 2018
ТЕАТРАЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ
06 августа 2018
ФЕСТИВАЛЬ
11 января 2018
Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері
09 ноября 2017
НА СЦЕНЕ ТЕАТРА ДОЛГОЖДАННАЯ КОМЕДИЯ «ПРОДАЙТЕ МУЖА»
28 октября 2017
На сцене театра Нурмухана Жантурина с успехом прошел I Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран
04 апреля 2017
ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ