МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»
Театр – мәдениет ошағы, һәм ұйытқысы, сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. «Театр киім ілгіштен басталады» деген де тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады. Елімізде ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге шама-шарқынша дамып келеді. Алыс-жақын шетелге танылып, әлінше өз өнерін көрсетіп, еліміздің танылуына үлес қосып жүрген жайы бар. Осындай адам жанының құрулы тезі, ел мінінің түзеуші ұстасы болған театрларымыздың бірі Маңғыстау облысындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры. Бұл театр жас болса да, биік белестерді бағындырып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында осы театрдың актрисасы Майра БАҚБЕРДИЕВАмен сұхбаттасудың орайы келді.
- Майра ханым, кәсіби актриса ретінде театрға қашан келдіңіз, осыған дейін қандай театрда қызмет еттіңіз?
- Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 2003 жылы ашылды. Сол кезде алғашқылардың бірі болып осы театрдың табалдырығын аттадым, ірге тасын қаладым десем артық айтқандық емес. Содан бастап, күні бүгінге дейін осы театрда еңбек етіп келемін. Сондықтан бұл театр маған ыстық.
- Бұл театрда Сіз ұлттық классика мен заманауи драматургияда қандай рөлдерді сомдадыңыз?
- Біздің театрымыз құдайға шүкір, репертуарға өте бай. Мұнда Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» қойылымында Қозының анасы Мақпалды ойнадым. Шекспирдің «Ромео мен Джулетта» спектаклінде сүт анасы, Ф.Эрвенің «Айлакер ару» спектаклінде Каринаның образын, 2008 жылы Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына орай ХVІ республикалық фестивальінде екінші пландағы әйел бейнесін сомдағаным үшін марапатталдым. Сондай-ақ Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» мен С.Құдайбергеннің «Перзентхана» спектаклінде Хадиша апайдың образын сомдап 2011 жылы ХІХ республикалық театр фестивалінде «Ең үздік әйел» бейнесін жеңіп алдым.
- Өзіңіздің табиғи болмысыңызға жат образдарға тап болып жатсаңыз, ойнаудан бас тартасыз ба әлде барынша ойнауға тырысасыз ба?
- Біз әртіспіз ғой. Сол себепті берілген тапсырманың барлығын орындауға тырысамын. Көбіне актерлерге өздерінің табиғатына сай образдар беріліп жатады. Алайда кей кездері болмысыңа сәйкес емес дүниелерді де орындап шығуға тура келеді. Бұл кезде әрине қиналып қаласың. Дегенмен актер болғаннан кейін алып шығуға талпынамыз. Бастысы еңбек ету керек қой. Қойылымда берілетін барлық образдарды сәтті сомдап шығу жолында аянбай тер төгуге тура келеді.
- Партнер таңдайсыз ба?
- Жоқ, партнер таңдамаймын. Қасыңдағы партнерің де мықты актер болса болды. Ең бастысы ол да сахнада жақсы ойнай білу керек, саған көмек беріп тұрса болғаны.
Спектакль кезінде қатып қалған сценарий бойынша жүресіз бе, әлде арасында қосып жіберетін тұстарыңыз бола ма? Сөзін ұмытып қалсаңыз, қалай шығуға тырысасыз?
- Актерлер драматургтың жазып берген сөзін өзгертіп айтуға болмайды. Шамамыз келгенше ұмытпауға тырысамыз. Егерде мұндай жағдайлар болып қалып жатса, онда соған келтіріп, ұқсастырып айтып шығуға тырысамыз. Алайда сөзден шатаспау керек, алдын-ала сақа тастай етіп жаттап алған абзал.
- Қойылымнан кейін біраз уақытқа дейін образдан шыға алмай жүретін кезіңіз болады ма, әлде тез шығып кетесіз бе?
- Мұның барлығы қойылымға байланысты болады. Егерде қойылым психологиялық тұрғыда болса, онда бір-екі күнге дейін образдан шыға алмай жүретін кездер болады. Бұл барынша образға кіргеннің арқасында болар. Мұндай жағдай барлық актерлерде болады деп ойлаймын.
Образ таңдайсыз ба, басты рөлде ойнауға таласасыз ба, әлде берілген образдарды сомдап кете бересіз бе?
- Әрине, егерде табиғатыңа дәл келіп тұрса, онда басты кейіпкердің рөлінде ойнағанға не жетсін! Сол үшін талпынасың да. Кім-кімде басты кейіпкердің рөлінде ойнауға тырысады деп ойлаймын. Негізінен образ таңдамайтын әртістің бірімін. Менің ұстанымым - өзіме берілген образды аяғына дейін сәтті орындап шығу. Сол жолда аянбай тер төгіп келемін. Сондықтан өзіме берілген образдарды сапалы әрі жоғары деңгейде орындап шығуға тырысамын.
- Режисерлермен келіспей қалатын тұстарыңыз болып тұрады ма?
- Осы уақытқа дейін режисерлермен келіспей қалған кезім болған емес. Келіспей қалғаннан гөрі, олармен ой бөлісіп отырған дұрыс деп ойлаймын. Егерде режисердің саған қойған талабы ыңғайсыздау болса, онда бірге ақылдаса отырып, шешім шығару қажет. Қайткен күнде де екі ортада пікіріталас болып тұру керек деп ойлаймын.
- Көбіне Сізге қандай бейнені сомдауды ұсынады?
- Көбіне маған аналардың бейнесін сомдауды ұсынады. Мен оған қуанамын, себебі мен де анамын ғой. Сондықтан берілген образды жүз пайызға сомдап шығуға тырысамын, тырысып та жүрмін. Жоғарыда айтып өткендей осындай образдардың арқасында марапатқа да ие болдым.
Сізге аса бір қиындыққа соққан, жүрексінген рөл қайсысы. Шамаңыз келмеген рөл болды ма, әлде өзіңізге берілгендерді ойнай бересіз бе?
- Театр әртісінің мынадай образ маған қиын болады деп айтуына болмайды. Алайда кейбір кездері жүрексінетін кездер болып жатады. Солай бола тұрса да, берілген тапсырманы орындай алмаймын деп айту әбестік. Сол себепті орындап шығуға тырысасың. Қазіргі таңда Айтматовтың «Ана жер ана» спектаклінде Толғанайдың образын сомдап жатырмын. Бойымда аз ғана қорқыныш бар екенін жасырмаймын. Бірақ маған жүктелгеннен кейін ойнап шығу парызым. Осы уақытқа дейін шамам келмейтін роль берілді деп айта алмаймын. Қай уақытта да барлығына жауапкершілікпен қараймын.
- Рөлге таласқан кезіңіз болды ма|?
- Жоқ, ешкіммен таласқан жоқпын.
- Сіздің осы өнер жолында жүруіңізді отбасыңыз қалай қабылдайды?
- Құдайға шүкір қашанда отбасым маған қолдау көрсетіп, көмектесіп келеді. Бәлкім, бұл менің бойымдағы өнерімді құрметтегені болу керек. Сол себепті менің бұл жолда жүргенімді жақсы қабылдайды. Біздің өміріміз көбіне сахнада өтеді. Сондай-ақ өнер сапарымен елдерді аралап кететін жағдайымыз да бар. Бұл уақытта үйдегі бала тәрбиесімен көбіне әкесінің айналысуына тура келеді. Бұл үшін қасымдағы жолдасыма алғысым шексіз.
Жолдасыңызды Сіз таңдадыңыз ба, ол таңдады ма?
- Ешкім де таңдаған жоқ. Бір-бірімізді бір көргеннен ғашық болып, содан отбасын құрдық. Құдайға шүкір арамыздағы түсіністік пен сыйластықтың арқасында бүгінде үш ұл асырап отырған бақытты жанұямыз. «Әкеге қарап ұл өсер» -демекші балаларым өскенде әкесі сияқты болса деп армандаймын.
- Балаларыңыздың ішінде Сіздің жолыңызды қуамын дейтіндері бар ма?
- Үлкен ұлым күйші боламын дейді. Екіншім әнші, әрі атақты боламын дейді, ал үшіншісі әзірге кішкентай. Соған қарағанда болашақта актер болғысы келетіндері жоқ сияқты. Аман болсын.
- Жеке театр ашу ойыңызда бар ма?
- Ол туралы ойламаппын. Қазіргі күніме шүкіршілік етемін. Себебі мен ең жас әрі алдыңғы қатардағы театрда жұмыс жасап жатырмын. Сондықтан күні бүгінде осы театрда абыройлы еңбек етсем деген ғана арман бар. Әлі де болса биік-биік белестерді бағындырып, театрдың атын асқақтату – біздің міндетіміз. Білгенімізден білмегеніміз жетерлік дегендей, болдым-толдым деп өз алдына жаңа театр ашып кетемін деген ойды мүлдем ойламаппын да.
- Киноға түсуге шақырту алдыңыз ба?
- Жоқ. Шақырту алған жоқпын. Киноға түсемін деп талпынбаймын.
- Қазіргі таңда екінің бірі тойға шығып жатады, Сіз ше?
- Жасыратын ештеңесі жоқ, бойында өнері бар адамның барлығы күні бүгінде тойға шығып жатыр. Қазіргі таңда той бизнесінің дамып тұрғаны шағы ма, білмеймін. Мен де солар сияқты күніге болмағанымен, арасында тойға шығып тұратыным бар. Шүкір, қазақта той коп қой. Қазақтың тойы бітпесін!
Сұхбатыңызға рахмет!
Нұржан ЕСЕТОВ
16 қазан 2023
Арқа ажары
10 сәуір 2023
Театр артистері Ақтөбе телеарнасының "Қайырлы таң" және “Жаңа күн” бағдарламасында қонақта болды.
18 қыркүйек 2019
Жантөрин театры мұнайшылар күнінде гастрольдік сапарға шығады https://mangystaumedia.kz/16/84256/
5 сәуір 2019
"Алғашқы махаббат" премьерасы
30 қараша 2018
Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.
17 қыркүйек 2018
Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті
14 қыркүйек 2018
АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ
13 қыркүйек 2018
Фестиваль шымылдығын татар театры ашты
13 қыркүйек 2018
ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
9 шілде 2018
АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
28 мамыр 2018
Маңғыстау театрына 15 жыл
23 мамыр 2018
Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"
4 мамыр 2018
Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті
27 наурыз 2018
Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды
9 наурыз 2018
"ХАН КЕГІ" - халық көңілінен шыққан қойылым
5 наурыз 2018
«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді
2 наурыз 2018
МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ
13 қараша 2017
Ақтауда «Аққудың көз жасы» спектаклі сахналанып жатыр
9 қараша 2017
Маңғыстауға белгілі режиссер Талғат Теменов келді.
9 қараша 2017
Жаңа қойылымды сахналау үшін Ақтауға Теменов келді
4 қазан 2017
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV маусымының шымылдығы «АНТ» спектаклімен ашылды.
29 қыркүйек 2017
Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі
29 қыркүйек 2017
Каспий жағалауы елдерінің бірінші халықаралық театр фестивалі
29 қыркүйек 2017
Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024