Атырау қаласындағы гастрольдік сапарымыз өз мәресіне жетті
Қараша айының 10 мен 13-і аралығында үш күнге созылған Атырау қаласындағы гастрольдік сапарымыз өз мәресіне жетті. Бұл күндер біз үшін де, көрермендер үшін де ерекше әсерге толы, рухани мереке іспетті болды. Қала тұрғындары мен қонақтары театр өнерінің құдіретін сезініп, әр қойылымнан кейін ыстық ықыластарын білдіріп, ұзақ қол соғып қошемет көрсетті.
Біздің ұжым бұл сапарда түрлі жас ерекшелігіне арналған бірнеше қойылымды сахнаға алып шықты. Күндізгі уақытта бүлдіршіндерге арналған «Арыстан патша» атты ертегі қойылымы ұсынылды. Балалар үшін арнайы дайындалған бұл туынды кішкентай көрермендердің қиялын тербеп, олардың бойында мейірім мен батылдық, адалдық пен достық секілді ізгі қасиеттерді ұялатуға бағытталды.
Ал кешкісін атыраулық өнерсүйер қауымға қазақ әдебиетінің інжу-маржандары негізінде қойылған бірқатар әсерлі спектакльдер ұсынылды. Солардың бірі — ұлы жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» шығармасы. Бұл қойылым көрермендерді адамдық ар мен намыс, рух пен сана биігіне жетелеп, терең ойға қалдырды. Сондай-ақ, қазақ поэзиясының қос алыбы — Фариза мен Мұқағали арасындағы рухани үндестік пен шығармашылық байланысқа арналған көріністер де көпшіліктің жүрегінен орын алды.
Жастар мен студенттер қауымы үшін «Ғашықпын саған» атты романтикалық драма сахналанып, жас жүректерге махаббат пен арманның, үміт пен сенімнің қадірін ұқтырды. Ал ұлт тарихына арналған «Әлиханның аманаты» атты қойылым – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресін, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен ұлы мұратын бейнелеп, көрермендерді елдік пен ерлік рухына бөлеп шықты.
Бұл гастрольдік сапар біздің шығармашылық ұжым үшін үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлады. Атырау қаласының көрермендері ерекше ықылас танытып, өнерге деген сүйіспеншілігін білдірді. Біз олардың жылы қабылдауын, ықыласты қошеметін жоғары бағалаймыз.
Әр көрерменнің жүзіндегі күлкі мен жүрегіндегі әсер — біздің ең үлкен жетістігіміз.
Атырау халқының ықыласы мен қошеметі біздің болашақтағы жаңа шығармашылық ізденістерімізге қуат берді.
Оқылған саны: 120
16 қараша 2025
Атырау қаласындағы гастрольдік сапарымыз өз мәресіне жетті
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі
18 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі
15 қыркүйек 2025
ІІІ-ші Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалінің үздіктерін анықтайтын, түркі елдерінің кәсіби мамандарынан құралған беделді қазылар алқасы
14 қыркүйек 2025
ZHANTURIN TALKS
10 қыркүйек 2025
«Зулейха» спектаклі Ақтау қаласында!
10 қыркүйек 2025
ПРЕМЬЕРА! Б. Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша «ТОЙ»
6 қыркүйек 2025
Ахмет Байтұрсынұлы 153 жыл
4 қыркүйек 2025
Каспий жағалауында III-ші Халыкаралык ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді!
29 тамыз 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары
28 тамыз 2025
2025 жылга арналған «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағыттық жузеге асырылуы ЖОСПАРЫ
28 тамыз 2025
МККК сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
6 желтоқсан 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн

Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөрин
Жантөрин Нұрмұхан Сейітахметұлы (22 сәуір 1928 жыл Атырау облысы, Махамбет ауданы - 2 мамыр, 1990 Алматы) — актер, режиссер. Қазақ КСРнің Халық артисі (1966). Қазақ КСРның Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Толықтай Википедия






