ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Ақтауда ІІ Халықаралық Каспий жағалауы елдерінің театр фестивалі бүгін салтанатты түрде ашылмақ. Шараға отандық және шетелдік театр ұжымдары келді. Олар 4 күн бойы қойылымдарын Маңғыстау жұртшылығына ұсынбақ. Каспий жағалауы елдерінің мәдени үндестігін, бірлігін, өнер алмасуын мақсат тұтқан фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналса, биыл театр және кино өнерінің саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылды.
Фестивальге С.Амутбаев атындағы Мензелин мемлекеттік татар драма театры, Билех Савар Барбод театр тобы, Кемине атындағы Мары мемлекеттік драма театры (Түркменстан), Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Уфа мемлекеттік татар «Нұр» театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Әзірбайжан мемлекеттік Ұлттық академиялық драма театры және маңғыстаулық Н.Жантөрин атындағы драма театры қатысады.
Бүгін аталмыш ұжым өкілдері, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, театр басшылары, өнер майталмандары Нұрмұхан Жантөрин ескерткішіне гүл-шоқтарын қойып тағзым етті. Өнер саңлағы жайлы естеліктер де айтылып, баспасөз жиынында ұйымдастырушылар шара төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
- Нұрмұхан сөзін «Ой, опасыз!» деп бастаушы еді. Өзінің жақсы
көрген адамдарымен осылай қарым-қатынас жасайтын. Адай ғой, мінезді болатын, мінезді болмаса әртіс шықпайды адамнан. Башкурия, Татарстанға барып спектакль көріп жатқан кім бар? Сол себепті олардың бізге келіп қойылым қойып жатқаны өте жақсы. Әрі Нұрмұханды еске аламыз. Оның театрда да, кинода да еңбегі зор. Біз осы өнерге келгенде Нұрмұханға еліктеп келіп едік. 10 жастай үлкен мынау менің ағам (ескерткішті нұсқап). Нұрмұханның әруағы бәріңді қолдасын, жаны жәннатта болсын. Біз оны әркез әңгімемізге арқау етеміз, жазылатын кітабымызға қосамыз. Нұрмұхан жасасын, оның еңбегі жасасын! – деп естелігімен бөлісті халық әртісі Асанәлі Әшімов.
Халықаралық шара Маңғыстау облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙдың (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) бастамасымен, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.
- 2018 жыл Түрксойда «Мағжан Жұмабаев жылы» деп белгіленген
болатын. Соған орай ақынның шығармаларына арналған «Алыстағы бауырыма» атты жинақ жарық көрді. Бұдан бөлек биыл Шыңғыс Айтматов жылы деп жарияладық. Қазір Мағжанның жинағы әзірбайжан тіліне аударылып жатыр, бір айдан соң Бакуде және Анкара қаласында тұсауы кесілмек. Сондай-ақ Мағжанның өлеңі басылған кәдесый да шығарылды, — дейді ТҮРКСОЙ өкілі Эльчин Гафарлы. Алғашқы фестивальге 4 ұжым қатысса, биыл олардың қатары 8 ұжымға жетті. Достық фестивалі 16 қыркүйек күні аяқталады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМИРОВ
19 қыркүйек 2025
Маңғыстауда ІІІ халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді
18 қыркүйек 2025
Ақтауда ТҮРКСОЙ халықаралық театр фестивалінің бағдарламасы жарық көрді
10 шілде 2025
Шаң басқан билік: сахнадағы жүйенің шындығы
25 ақпан 2025
«Көрұғлы» көрерменмен қауышты
15 ақпан 2025
Театрда жаңа қойылым
16 қазан 2023
Арқа ажары
10 сәуір 2023
Театр артистері Ақтөбе телеарнасының "Қайырлы таң" және “Жаңа күн” бағдарламасында қонақта болды.
18 қыркүйек 2019
Жантөрин театры мұнайшылар күнінде гастрольдік сапарға шығады https://mangystaumedia.kz/16/84256/
5 сәуір 2019
"Алғашқы махаббат" премьерасы
30 қараша 2018
Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.
17 қыркүйек 2018
Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті
14 қыркүйек 2018
АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ
13 қыркүйек 2018
Фестиваль шымылдығын татар театры ашты
13 қыркүйек 2018
ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
9 шілде 2018
АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
28 мамыр 2018
Маңғыстау театрына 15 жыл
23 мамыр 2018
Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"
4 мамыр 2018
Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті
27 наурыз 2018
Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды
9 наурыз 2018
"ХАН КЕГІ" - халық көңілінен шыққан қойылым
5 наурыз 2018
«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді
2 наурыз 2018
МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ
13 қараша 2017
Ақтауда «Аққудың көз жасы» спектаклі сахналанып жатыр
9 қараша 2017
Маңғыстауға белгілі режиссер Талғат Теменов келді.
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі



