АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

Ақтауда теңіз жағалауындағы дала сахнасында Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестиваль өлкеміздің танымал тұлғасы, киелі театр мен киноның саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналып отыр.

Шараға Маңғыстау облысының құрметті азаматтары, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлері, халық әртістері, еліміздің театр саласындағы бірқатар тұлғалар келді. Атап өтсек, Асанәлі Әшімов, Лидия Кәденова, Бекжан Тұрыс, Талғат Теменов, Есмұхан Обаев және т.б. Сонымен қатар елімізден және шетелден 8 театр ұжымдары келді.

Бұл халықаралық Каспий жағалауы елдерінің үлкен фестивалі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Ал құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы – ТҮРКСОЙ.

Театр фестивалінің ашылуына келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов өз лебізін білдірді: «Маңғыстау жерінде үлкен той өтіп жатыр. Бұл Н.Жантөрин атындағы үлкен театрдың тікелей ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестиваль. Осы шара қазақ даласының біртуар ұлы Нұрмұхан ағамыздың есіміне, 90 жылдығына арналады. Бүгін ортамызда елдің рухын да, халықтың намысын да көтеретін, еліміздің құрметті азаматтары, іс-шараға кезінде мұрындық болған азаматтар отыр. Бәріне рахметімді айтамын. Түрік елінің дәстүрі мен рухын көтеріп жүрген азаматтар да бар. Дүйсен Қорабайұлы деген ел азаматы арнайы фесстивальдың өтуіне тікелей атсалысқан идея авторы десемде артық айтқандық емес. Ол арнайы ұсыныс енгізген болатын. Біз ұсынысты қолдадық және әрі қарай қолдаймыз. Ұлттардың, мемлекеттердің басы, бүкіл түркі елінің басы біріксе одан жаман болмайтыны айдан анық екені белгілі», — деді ол.

Айта кетейік, Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі биыл екінші мәрте өткізіліп жатыр. Өткен жылы ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына ұштастырылған болатын.

«Біз Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрынан келіп отырмыз. Ұжымымыз драма жанрындағы «Шыңырау» спектаклін қоятын болады. «Шыңырау» спектакліне 15 актер қатысады. Бұған дейінде фестивальдарда бас жүлдені алғанбыз. Республикалық фестивальдерден жүлделі орындар алып жүрміз. Біздің репетуарымыз ең жақсы спектакльдердің бірі. Біздің театр 17 қыркүйектен бастап, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастрольдік сапарын бастап жатырмыз. Лидия Кәденова секілді танымал актриса, актерлеріміз өнер көрсетеді. Балаларға арналған «Әріптер әлемі» спектаклін де қоятын боламыз. Маңғыстау, Ақтау өңіріне театр өнерінің ең керемет спектакльдерін ұсынады деп сенеміз. Театр фестивалінің ұйымдастыру іс-шарасы жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Барлық ұжымдарға табыс тілеймін.», — деді Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің жабылу салтанаты 16 қыркүйек күні болады. Ал фестивальдік қойылымдарды Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының сахнасынан тамашалай аласыздар. Фестиваль аясындағы барлық шараларға кіру тегін.

 

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

 

Жарияланған күні: 14 қыркүйек 2018



16 қазан 2023

Арқа ажары

10 сәуір 2023

Театр артистері Ақтөбе телеарнасының "Қайырлы таң" және “Жаңа күн” бағдарламасында қонақта болды.

18 қыркүйек 2019

Жантөрин театры мұнайшылар күнінде гастрольдік сапарға шығады https://mangystaumedia.kz/16/84256/

5 сәуір 2019

"Алғашқы махаббат" премьерасы

30 қараша 2018

Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.

17 қыркүйек 2018

Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті

14 қыркүйек 2018

АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

13 қыркүйек 2018

Фестиваль шымылдығын татар театры ашты

13 қыркүйек 2018

ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

9 шілде 2018

АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

28 мамыр 2018

Маңғыстау театрына 15 жыл

23 мамыр 2018

Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"

4 мамыр 2018

Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті

27 наурыз 2018

Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды

9 наурыз 2018

"ХАН КЕГІ" - халық көңілінен шыққан қойылым

5 наурыз 2018

«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді

2 наурыз 2018

МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ

13 қараша 2017

Ақтауда «Аққудың көз жасы» спектаклі сахналанып жатыр

9 қараша 2017

Маңғыстауға белгілі режиссер Талғат Теменов келді.

9 қараша 2017

Жаңа қойылымды сахналау үшін Ақтауға Теменов келді

4 қазан 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV маусымының шымылдығы «АНТ» спектаклімен ашылды.

29 қыркүйек 2017

Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі

29 қыркүйек 2017

Каспий жағалауы елдерінің бірінші халықаралық театр фестивалі

29 қыркүйек 2017

Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті

12

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>