Эльмира Керімбаева

ЭЛЬМИРА КЕРІМБАЕВА

Театр іргетасын қалаушылардың бірі

 

Мәдениет саласының үздігі

 

  Керімбаева Эльмира Шаңытбайқызы 1982 жылы 17-ші қарашада  Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1999-2003 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетін «Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыды. 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының мамандарды жеделдетіп дайындау курсында «Актер» мамандығы бойынша білім алды. 2016-2018 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Драма режиссері» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2003 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші артисі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2009 жылы театр директорының «Үміт күттірер әртіс» грамотасы;

·   2011 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

·   2015 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай «Театр тірегі» номинациясы;

·   2015 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

·   2016 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының «Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты;

·   2019 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Облыс әкімінің Алғыс хаты;

·   2019 жылы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған І Халықаралық театр фестиваліне орай, Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2021 жылы Көкшетау қаласында Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығының қатысуымен «TeART-Көкше» атты халықаралық театр фестиваль-зертханасындағы Ресейден келген педагогтардың «Актерлік шеберлік» бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты.

·   2021 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды;

·   2022 жылы ІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

·   2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу өнері» бағдарламасы бойынша оқып, біліктілікті арттыру куәлігін алды.

.     2023 жылы "TeART-Көкше" халықаралық театр фестивалінде У.Шекспир "Гамлет" спектаклінде Гамлеттің анасы-Гертруда рөлін сомдап,"Тәуелсіз бұқаралық ақпарат өкілдерінің сыйлығы" атты арнайы жүлдесімен марапатталды.

  СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

 

·   Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Дүрия

·   Т.Әліпбаев «Томирис» - Бұрым

·   У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Монтекки

·    М.Байджиев «Іздедім сені» - Медбике

·   Т.Уильямс «Трамвай «Желание»» - Юнис

·   Ф.Эрве «Айлакер ару» - Корина

·    Н.Гоголь «Ревизор» -Унтерофицердің әйелі

·   С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Қайыптың қарындасы, Гүлсара

·   С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Арайлым

·   Н.Птушкина «Күтпеген махаббат» - Дина

·   С.Құдайбергенов «Перзентхана» - Айнұр Жүзімбек, Жанна Оспановна

·   Ә.Оразбеков «Бір түп алма ғашы» -  Әлия

·   С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мухое

·   А.Володин «Қос жебе» - Тасбақа

·   Т.Джюженоглы «Көшкін» - келіншек

·   С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Нәзікеш

·   С.Жүсіп «Адам болып өтейін» - Бұлғын

·   М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» - Бану

·   Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Таңсық

·   Г.Хугаев «Серттесу» - Қуқар

·   М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала» - Сәуле

·   З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» - Әсима

·   С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Түркмен бәйбішесі

·   Д.Исабеков «Әпке» - Светлана

·   Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Шүйкетай, Мара

·   С.Балғабаев «Бізде ғашық болғанбыз» - Айжан

·    Р.Куни «Он, она, окно, покойник» - Джейн

·   У.Шекспир «Гамлет» - Елес, Гертруда

·   Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау» - Еңсептің әйелі

·   С.Адай «Үрей дерті» - Жан айқайы

·   М.Задорнов «Продайте мужа!» - Оксана

·   А.Кристи «Мышеловка» - Мисс Кейсуэл

·   Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Фариза

·   Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Жөнейіттің бәйбішесі

·   А.Цагарели «Ханума» - Кабато

·   Д.Нигро «Дикие истории 16+» - Джордж, Бурундук, Офелия

·   Г.Горин «Атың өшсін...» - Эрита

·   Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай» - Зере

·   А.Островский «Найзағай» - Марфа Игнатьевна Кабанова

·   О.Жанайдаров «Жұт» - Сәуле

·   В.Легентов «La mom Piaf» - Эдит Пиаф

ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

·   А.Толстой «Алтын кiлт» -  Шегiртке

·   М.Абай-Ділдә «Шрек» - Есек

·   М.Абай-Ділдә «Балшық бала»  - Түлкі

·   А.Михалков «Үш торай» - Ниф-ниф

·    Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Бауырсақ

·   Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Қарақшы

·   О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Жалқау апа

·   М.Абай-Ділдә «Тақиялы ботақан» - Лақ

 

 





12
>