Нұрлыбек Жұмабаев

ЖҰМАБАЕВ НҰРЛЫБЕК ЖҰМАБАЙҰЛЫ

 

Жұмабаев Нұрлыбек Жұмабайұлы 1995 жылдың 10 сәуірінде Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келді.

Мектепті 2000-2012 жылдар аралығында аяқтап, 2012 жылы Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында тәжірибе жинақтап 1 жыл жұмыс істеді. 2013-2017 жылдар аралығында  Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша тәмәмдап, 2017 жылдан бастап Жантөрин театрында артист қызметінде еңбек етіп келеді.


СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

·   С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мамыр

·   С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Қайыптың досы

·   Д.Исабеков «Әпке» - Тимур

·   Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Омар

·   Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» - Ақсақал, Оспан

·   С.Нұржан «Хан кегі» - Абылай сұлтан

·   Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Қанат

·   Ә.Кекілбаев «Күй» - Түркмен жігіт

·   А.Цагарелли «Ханума» - Тимоте

·    М.Қасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Есет

·   Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Маркиз Рикардо

·   У.Шекспир «Гамлет» - Розенкранц

·   М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Қорқақ жігіт

·   Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай»  - Шәкірт

·   М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Жақып

·    Г.Хугаев  «Серттесу» - Қортық

ЕРТЕГІЛЕР:

·   А.Михалков «Үш торай» - Ниф-Ниф

·   М.Абай-Ділдә  «Туған күн» - Барс

·   Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Сақшы

·   Халық ертегісі «Ер төстік» - Қалқан құлақ

·   О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Спорт 

·   Ш.Перро «Золушка» - Нөкер

·   Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Түшкіргіш

·   Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» - Сұр тышқан

·   Ф.Камов «Ну погоди» - Жүргізуші

·   Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Морис





12
>