Мейіржан Шайхиев

ШАЙХИЕВ МЕЙІРЖАН НҰРЛАНҰЛЫ

      Шайхиев Мейіржан Нұрланұлы 1991 жылы 8 желтоқсанда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келді. 2010 жылы «Қайнар» колледжін бітіріп, 2019 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ: 

2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

Г.Хугаев «Серттесу» - Кико

Д.Исабеков «Ескі үйдегі кездесу»  - Көрші ақсақал

С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Есберген

С.Нұржан  «Хан кегі» - Шабарман

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Жүсіпбек Аймауытов

Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Қазақ, Түркмен 

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Мұғалім 

М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Емхана қызметкері

О.Жанайдаров «Двое в кафе» - вокалист

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Жігіт

ЕРТЕГІЛЕР:

Р.Киплинг «Маугли» - Буйвол 

«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Күзетші

Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Гном

Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Күзетші

О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Спорт

 





12
>