Ерболат Орынғалиев

ОРЫНҒАЛИ ЕРБОЛАТ ЖОЛДАСҚАЛИҰЛЫ

Орынғали Ерболат Жолдасқалиұлы 1996 жылы 9 наурызда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Төлеп селосында дүниеге келді. 2013-2017 жылдары Маңғыстау өнер колледжінде «Академиялық ән-салу» мамандығы бойынша оқыды. 2017-2021 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Драма театр артисі» мамандығы бойынша ұстазы Меруерт Өтекешова шеберханасынан білім алды. 2022 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ: 

2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

А.Володин «Қос жебе» – Жаусоғар

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» – Бейбімбет Майлин

Ә. Кекілбайұлы  «Шыңырау» – Дәржан

Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай»  - Шәкірт

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Әбубәкір

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ақсақал

О.Жанайдаров «Двое в кафе» - солист

Р.Куни «Он, она, окно, покойник» - Управляющий отеля

Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Зайырбек

ЕРТЕГІЛЕР: 

«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Джинн, Будурдың әкесі

Қазақ ертегіснің желісі бойынша «Тас бол» – Ұл

Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Когсворт

Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Ақылды гном

 





12
>