Абзал Ратбек
РАТБЕК АБЗАЛ ИСЛАМБЕКҰЛЫ
Ратбек Абзал Исламбекұлы 1994 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы 175 мектеп-гимназиясында 9 сыныпқа дейін оқып, 2010-2013 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының колледжінде «драма актері» мамандығында ұстазы Аманжанова Гүлнар Бекенқызының шеберханасында оқыды. 2013-2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Мюзикл эстрада» мамандығы бойынша ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасында білім алды. 2015-2016 жылдар аралығында 4 ай Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында практикадан өтті. 2016 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.
Театр сахнасынан бөлек киноға да түсіп жүр. 2021 жылы Н.Хайдардың ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тел өскендер» (реж: Р.Кенжебаев) қысқа метражды көркем фильмінде Айдардың ролінде ойнады.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
• 2017 жылы 27-наурыз Халықаралық театр күні кәсіби мерекесіне орай «Үміт күттірер актер» номинациясы бойынша театр директорының дипломы;
• 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай, Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;
• 2021 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры ұйымдастырып, өткізген ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Әшірбек Сығай атындағы «Сын – Шын болсын...» атты республикалық фестивалінде Александр Островскийдің «Найзағай» спектакліндегі Тихон ролі үшін «Үздік актер» номинациясы;
• 2021 жылы «NJ Fest» Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының «Көрермен көзайымы» номинациясы;
• 2022 жылы «NJ Fest» Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының «Сахна тарланы» (үздік актер) номинациясы бойынша марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
· Ә.Кекілбаев «Абылай хан» - Абылай ханның жас кезі Әбілмансұр
· М.Байджиев «Іздедім сені» - Азиз
· С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Қайыржан
· С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Ақбөбектің ағасы Қойлыбай
· Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Міржақып Дулатұлы
· А.Цагарели «Ханума» - Коте
· Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Аян
· С.Адай «Үрей дерті» - Жылан
· С.Нұржан «Хан кегі» - Абылай сұлтан
· Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Бақыт
· З.Зайнуллин «41 жылдың келіншектері» - Абдулла
· Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Еділ
· Д.Исабеков «Әпке» - Омар
· У.Шекспир «Гамлет» - Гильденстерн
· Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Түркмен, Дүйімқара, Көкбөрі
· Ф.Эрве «Айлакер ару» - Гусар
· С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Түркмен
· М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Арыстан
· А.Островский «Найзағай» - Тихон
· И:Сапарбай «Сыған серенадасы» - Абзал
· Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Қодар
· Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Қасым
· Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай» - Абай
· С.Назарбек «Ақбөбек» - Қойлыбай
· Г.Қамысбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - әнші жігіт
· М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ақан мырза
· М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Арыстан
· С.Ахмад «Келіңдер көтерілісі» - Асқар
· И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - Естайдың досы Асхат
ЕРТЕГІЛЕР:
· Халық ертегісі «Ер Төстік» - Айдаһар
· М.Абай-Ділдә «Балшық бала» - Аю
· М.Абай-Ділдә «Шрек» - Шрек
· Р.Киплинг «Маугли» - Акела
· Ш.Перро «Етік киген мысық» - Адам жегіш
· Ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» - Есек
· Ағайынды Гриммдер «Белоснежка және жеті гном» - Ұйқышыл гном
· Ш.Перро «Золушка» - Тышқан
· «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Уәзір
· Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Құбыжық
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 желтоқсан 2023
Есеп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын тапсыру
11 желтоқсан 2023
Есеп.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау
11 желтоқсан 2023
Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры ұжымының жалпы жиналысының хаттамасы.
08 тамыз 2023
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тамыз айының спектакльдері белгілі болды.
30 маусым 2023
Театрдың мерекелік маусымы жабылды.
30 маусым 2023
Театрдың тегін абонементі табысталды.
29 маусым 2023
Ұлттық домбыра күніне орай театрда іс-шаралар ұйымдастырылды.