Нұржан Мұсаев

НҰРЖАН МҰСАЕВ

Театр іргетасын қалаушылардың бірі

Домбыра жасау шебері

  Мұсаев Нұржан Сәтпекұлы 1978 жылы Жамбыл  облысының Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келді. 2001 жылы Маңғыстау облысының өлкетану мұражайында өңдеуші қызметін атқарды. 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының мамандарды жеделдетіп дайындау курсында «Актер» мамандығы бойынша білім алды. 2011 жылы Б.Бешеналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік Өнер Институтын «Драма әртісі» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2003 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер артисі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   2010 жылы театр директорының «Үміт күттірер әртіс» номинациясы;

·   2013 жылы Атырау қаласында өткен домбыра жасаушы шеберлердің VIII Республикалық «Үкілі домбыра» байқау бәйгесінің Арнайы жүлдегері;

·   2013 жылы Жантөрин театрының 10 жылдық мерейтойына орай Маңғыстаудың Мәдениет басқармасы басшысының театрдың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

·   2016 жылы Алматы қаласында өткен домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің І Республикалық «Аңыз домбыра» байқау-бәйгесіне қатысып, шеберлік көрсеткені үшін Сертификатының иегері;

·   2016 жылы Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

·   2017 жылы Атырау қаласында өткен «Үкілі домбыра» домбыра жасаушы шеберлердің І аймақтық сайысының Бас жүлдегері;

·   2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Астана қаласында өткен «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнері күндерін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

·   2018 жылы Ақтау қаласының 55 жылдығы төсбелгісімен Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Шабарман

Т.Әліпбаев «Томирис» - Күдері

У.Шекспир «Ромео Джульетта» - Монттеки

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Орынбай

С.Жүсіп «Адам болып өтейін» - Саудагер, Андро

С.Назарбекұлы «Ақбөбек»  – Құлшар күйші 

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» - Есет

А.Камю «Калигула» - масса

Г.Хугаев «Серттесу» - Көкжал

С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Ара би

Ф.Эрве «Айлакер ару» - Офицер

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Таңқы 

У.Шекспир «Гамлет» - Агент

Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Ақсақал

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Ілияс Жансүгіров

С.Адай «Үрей дерті» - Саз

Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы..» - Бай

С.Нұржан «Хан кегі» - Шотан

Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Әбілмәжін

ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОЛЬДЕРІ:

А.Толстой «Алтын кілт» - Күзетші

Н.Чинкебаева «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Айдаһар

М.Абай-Ділдә «Балшық бала» - Қасқыр

М.Абай-Ділдә «Тақиялы ботақан» - Қасқыр

А.Михалков «Үш торай»  - Қасқыр

М.Томанов «Қошқар мен Теке» - Қасқыр

Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Қасқыр





12
>