Театрымыздың жетістіктері

Қуантатыны – 10 жылдан астам уақытта театрымыздың шығармашылық ұжымы Египет, Араб Республикасының Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне қатысып, бас жүлдені, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық фестивалінде бас жүлдені, ал, халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатынасып, «гран приді» жеңіп алып, оннан астам Республикалық театр фестиваліне қатынасып, әлденеше рет бас жүлдеге ие болды. Театрдың директоры ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері - Нұрнияз Мұханұлы Мұханов, Театрдың көркемдік жетекшісі «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткері - Гүлсина Мерғалиева Бақытжанқызы. Театрымызда «Серпер» сыйлығының иегерлері Гюль Зиятова, Кенен Ақүрпеков, Бану Манкеева сынды әртістеріміз театр ұжымын бастап келеді. Шығармашылық ұжым 2003 жылдың мамырында Алматы қаласында Н.Сацтың туғанына 100 жылдығына орай Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Т.Әліпбаевтің «Томирис» /реж: Г.Мерғалиева/ спектакілімен қатысып, «Тұсау кесер» номинациясы бойынша лауреат атанды, аталмыш фестивальде театр актрисасы Наремгенова Айгүл «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2003 жылдың күзінде Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығына арналған ХІ Республикалық театрлар фестивалінде Б.Беделханұлының «Махамбет» /реж: Г.Мерғалиева/ поэтикалық драмасымен Гүлсина Мерғалиева «режиссерлік ізденісі үшін» лауреат, 2004 жылдың қарашасында өткен VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған «38 немесе Қарақұрт» /идея авторы және реж: Г.Мерғалиева/ спектаклімен қатысып Бас – жүлдегері, VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында өткен байқауларда Мерғалиева Гүлсина «Ең үздік режиссер», Гюль Зиятова «Ең үздік сахна костюмі» марапатталды.

2005 жылдың қазан айында Қ.Жандарбеков пен К.Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық театрлар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған «38 немесе Қарақұрт» қойылымы үшін «шығармашылық жаңа ізденістері үшін» номинациясымен марапатталды.

Театрға республикамыздың таңдаулы сахна шеберлері: ҚР Халық әртісі, профессоры Е.Обаев, Қеңбегі сіңген мәдениет қайраткері Р.Машурова, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Е.Тұяқов, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Матвеев, белгілі режиссер Т.Көбеков, ҚР еңбегі сіңген әртіс М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген қайқаркерлері Ә.Оразбек, А.Сәрсенбек, Х.Әмір-Темір шығармашылық тәжірбие алмасуға шақырылды.

Сахна саңлағы, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына орай, театр ұжымы Алматы қаласына сапар шегіп, өнердің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрда театр апталығын өткізіп, үлкен табыспен оралды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің арнайы ұсынысымен Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театры Египет Араб республикасының Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне қатысты.Каир қаласында өткен бұл экспериментальды театрлар фествалінде театр мамандары А.С.Пушкиннің «Моцарт и Сальери» пьесасы негізінде дайындалған «Или Моцарт? Или Сальери?» қойылымын сахналады. Идея авторы және режиссері Г.Миргалиева. Басты рөлдерде К.Ақүрпеков, Б.Манкеева. Әлемдік дәрежеде іс-тәжірибе алмасқан театр әртістері мен мамандар ризашылықпен оралды. Көптің көңіліне ұнаған қойылым жоғары дәрежеде сахналанып,оң бағасын алды.

2008 жылы қараша айында Қазақстан театрларының ХVI республикалық фестивалі Ақтау қаласында өтті. Бұл фестиваль Қазақ өнерінің тарихында есімі алтын әріптермен жазылған өнер иесі, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналды. Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Атырау, Астана т.б.қалалардан барлығы 13 өнер ұжымы қатысты. Аталмыш шара аясында Н.Жантөриннің 80 жылдығына арнап ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Фестиваль шымылдығы облыстық музыкалық драма театр алдында актер кеудемүсінін ашумен басталды. Кеудемүсінді ашу құрметі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен актер зайыбы Маргарита Иовлеваға бұйырды. Фестивальға қатысқан Өнер ұжымдарының еңбегін бағалаған қазылар алқасының құрамында: кино және театр актері, режиссер, КСРО халық әртісі Асаналі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі профессор Есмұхан Обаев, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығай, Қазақ Ұлттық Музыка академиясының доценті Н.Жантөриннің қызы Жанна Жантөрина, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Сания Кабдиева, сынды өнер майталмандары болды.

Н.Жантөриннің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған Қазақстан театрларының ХVI республикалық фестивалінде біздің театр француз драматургі Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» қойылымымен қатысып, І орын иеленді. Аталмыш фестивальде театр актрисасы Майра Бақбердиева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Н.Жантөриннің 80 жылдығына орайластырылып өткізілген шара көпшілік құрметіне бөленіп, жоғарғы деңгейде бағаланды.

2009 жылдың маусым айында Татарстан Республикасының астанасы Казань қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық фестиваліне қатысты. Абайдың 38 қара сөзі желісінде жазылған «38 немесе Қарақұрт» қойылымымен барған театр ұжымына оң баға берген театр сыншылары театр ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Театр - адамдарды тәрбиелеу,биік рухани сипаттарды қалыптастыру орны.

2012 жылы Ә.Мамбетовтың 80 жылдығына арналып, Орал қаласында өткен ХХ-шы Республикалық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Қаралы сұлу», әңгімесі С.Цвейгтің «Амок» новелла желісі бойынша «Зілзала» қойылымымен қатысып, «Ең үздің режиссер» номинациясын жеңіп алды.

Құрылғанынан- ақ ізденіс жолына түскен театр ұжымы жемісті өнер шеруін жалғасытырып келеді. Әр жылғы жаңа маусымдық жоспар бойынша театр ұжымы алыс-жақын шетелдерге, республикамыздың бірнеше (Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Шымкент т.б.) қалаларын және облысымыздағы шалғай аудан қалаларға гастрольдік сапармен баруды дәстүрге айналдырады. Театрдың талантты әртістері Абайдилденов Марат, Мырзалинова Құралай, Башаров Кенжебек, Умиралиев Медғат, Манкеева Бану, Жансейтова Айнара, Бақбердиева Майра және т.б. шығармашылық ұжым өкілдері облыс әкім

2013 жылдың 27-наурыз «Халықаралық Театр күні» кәсіби мерекесіне орай, 27-наурыз күні Алматы қаласының Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Еңлікгүл - 2013» атты мәдени шара өткізілді. Бұл шараға барлық Қазақстан театрларының өнер қызметкерлері қатысты. Аталған шараға іссапар барысымен Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драмалық театрынан бас режиссері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты - Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы барып қатысты.

Шараның марапаттау рәсімі өткізілу барысында «Еңлікгүл - 2013» деген Театр өнерінің кәсіби сыйлығымен марапатталып, жүлдені бас режиссер - Г. Мерғалиева иемденді.

2013 жылдың 4-7 қараша аралығында театр ұжымы Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлерге арналған І Республикалық театр фестиваліне қатысты. Онда М. Байджиевтің «Іздедім сені» аталатын психологиялық драмасын халық назарына ұсынды. Жаңа бағыт, тың идеяларды қамтыған фестивальде Қ.Тастамбеков, Т. Жаманқұлов, М. Өтекешова сынды т.б. театр майталмандары төрелік етті. 22 жастағы жаны нәзік Нәзидің рөлін сомдаған театр әртісі Манкеева Бану Асанқызы «Ең үздік актерлік шеберлігі үшін» номинациясына ие болып, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Театр ұжымы ағымдағы жылдың 12-15 қараша күндері Орал қаласында өткен «Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестиваліне» Г. Хугаевтың «Серттесу» атты драмасымен қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>