Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық– драмалық театры

Театр Қазақстанның болашағы, мәдениетті де, қабілетті жастар тәрбиелеуге үлкен ықпалын тигізетін мәдениет ошағы, өнердің қара шаңырағы екені айтпаса да түсінікті. 

Маңғыстау облыстық  музыкалық-драма  театры Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен  2003 жылдың 21 наурызында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектаклімен /режиссері Р.Машурова/  ашылды.

Өлкеміздегі тұңғыш театрға режиссерларды, актерларды, басқа да жетік мамандарды іріктеу мақсатымен Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының 3 курс студенттерімен келісім жасасып, К.Ақүрпеков, Қ.Мырзалинова, М.Адайдилденов, А.Жансейтова, А.Тастаев, Т.Шайых Д.Дөненбаева , М.Умиралиев, Б.Манкеева және т.б. 30 жас маман және де сол академияның қысқы мерзімді 6-айлық курсын, актерлар мамандығы бойынша-10, гример, сахна дыбыс беруші, сахнаға жарық беруші т.б техникалық составқа 10-Маңғыстаулық мамандар іріктелініп, барлығы 20 өнерлі жастар облысымызға келді. Өлкемізде өнер жолын -  өмір жолын бастауға келген жас мамандарға облыс әкімінің қолдауымен баспана берілді. Еңбек жолдарын жаңа театрда бастаған актерлер бүгінде өз кәсіптерінің қыр-сырын еркін меңгерген мамандар.

2006 жылы өнер ошағына  халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің есімі берілді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры өлкеміздегі  жалғыз  кәсіби театр болғандықтан, бес бағытта жұмыс жасайды. Олар:  балалар театры, жасөспірімдер театры, орыс театры, музыкалық театр, драмалық театр. Көрермендердің  сұранысы бойынша театрдан орыс труппасы ашылды.

Бүгінде театр ұжымы 11 театр маусымына аяқ басты. Қазіргі таңда театр ұжымында 51 әртіс қызмет етеді,оның 39-ы жоғары білімді.

Театр қоржынында 44 ке жуық қойылым бар.Атап айтар болсақ,әлем классикасынан У.Шекспир «Ромеo мен Джульетта», Ж.Мольер  «Тартюф», орыс классикасынан  А.Чехов «Скандальные историй», туыс халықтар әдебиетінен Г.Хугай «Көршілер», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» ,қазақ классикасынан Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу», Т.Әліпбаев «Томирис»,  Ә.Кекілбаев «Адам болып өтейін» және т.б. қойылымдар сахналанып келеді.

Қуантатыны – 10 жылдан астам уақытта театрымыздың шығармашылық ұжымы Египет, Араб Республикасының  Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне  қатысып, бас жүлдені, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық  фестивалінде  бас жүлдені, ал, халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатынасып,  «гран приді»  жеңіп алып, оннан астам Республикалық театр фестиваліне қатынасып, әлденеше рет бас жүлдеге ие болды. Театрдың директоры ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері - Нұрнияз Мұханұлы Мұханов, Театрдың көркемдік жетекшісі «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткері - Гүлсина Мерғалиева Бақытжанқызы. Театрымызда  «Серпер» сыйлығының иегерлері Гюль Зиятова, Кенен Ақүрпеков,  Бану  Манкеева сынды әртістеріміз театр ұжымын бастап келеді. Шығармашылық ұжым 2003 жылдың мамырында Алматы қаласында  Н.Сацтың туғанына 100 жылдығына орай  Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Т.Әліпбаевтің «Томирис» /реж: Г.Мерғалиева/ спектакілімен қатысып, «Тұсау кесер» номинациясы бойынша лауреат атанды, аталмыш фестивальде театр актрисасы Наремгенова Айгүл «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2003 жылдың күзінде Орал қаласында  Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығына арналған ХІ Республикалық театрлар фестивалінде Б.Беделханұлының «Махамбет» /реж: Г.Мерғалиева/ поэтикалық драмасымен Гүлсина Мерғалиева «режиссерлік ізденісі үшін» лауреат, 2004 жылдың қарашасында өткен  VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған  «38 немесе Қарақұрт» /идея авторы және реж: Г.Мерғалиева/ спектаклімен қатысып Бас – жүлдегері, VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында өткен байқауларда Мерғалиева Гүлсина  «Ең үздік режиссер», Гюль Зиятова «Ең үздік сахна костюмі» марапатталды.

2005 жылдың қазан айында Қ.Жандарбеков пен К.Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық театрлар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған «38 немесе Қарақұрт» қойылымы үшін «шығармашылық жаңа ізденістері үшін» номинациясымен марапатталды.

Театрға республикамыздың таңдаулы сахна шеберлері: ҚР Халық әртісі,  профессоры Е.Обаев, Қеңбегі сіңген мәдениет қайраткері Р.Машурова, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Е.Тұяқов, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Матвеев, белгілі режиссер Т.Көбеков,  ҚР еңбегі сіңген әртіс М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген қайқаркерлері  Ә.Оразбек, А.Сәрсенбек, Х.Әмір-Темір шығармашылық тәжірбие алмасуға шақырылды.

Сахна саңлағы, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына орай, театр ұжымы Алматы қаласына сапар шегіп, өнердің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрда театр апталығын өткізіп, үлкен табыспен оралды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің арнайы ұсынысымен Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театры Египет Араб республикасының Каир қаласында өткен ХІІІ Халықаралық экспериментальды театрлар фестиваліне  қатысты.Каир  қаласында өткен бұл экспериментальды театрлар фествалінде театр мамандары А.С.Пушкиннің «Моцарт и Сальери» пьесасы негізінде дайындалған «Или Моцарт? Или Сальери?» қойылымын сахналады. Идея авторы және режиссері Г.Миргалиева. Басты рөлдерде К.Ақүрпеков, Б.Манкеева. Әлемдік дәрежеде іс-тәжірибе алмасқан театр әртістері мен мамандар ризашылықпен оралды. Көптің көңіліне ұнаған қойылым жоғары дәрежеде сахналанып,оң бағасын алды.

2008 жылы қараша айында Қазақстан театрларының  ХVI республикалық фестивалі Ақтау қаласында өтті. Бұл фестиваль Қазақ өнерінің тарихында есімі алтын әріптермен жазылған өнер иесі, ҚазССР-інің Халық әртісі Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналды. Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Атырау, Астана  т.б.қалалардан барлығы  13 өнер ұжымы қатысты. Аталмыш шара аясында  Н.Жантөриннің 80 жылдығына арнап ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Фестиваль шымылдығы облыстық музыкалық драма театр алдында актер кеудемүсінін ашумен басталды. Кеудемүсінді ашу құрметі  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен актер зайыбы Маргарита Иовлеваға бұйырды. Фестивальға қатысқан Өнер ұжымдарының еңбегін бағалаған қазылар алқасының құрамында: кино және театр актері, режиссер, КСРО халық әртісі Асаналі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі профессор Есмұхан Обаев, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығай, Қазақ Ұлттық Музыка академиясының доценті Н.Жантөриннің қызы Жанна Жантөрина, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Сания Кабдиева, сынды өнер майталмандары болды.

Н.Жантөриннің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған Қазақстан театрларының ХVI республикалық фестивалінде біздің театр француз драматургі Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» қойылымымен қатысып, І орын иеленді. Аталмыш фестивальде театр актрисасы Майра Бақбердиева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Н.Жантөриннің 80 жылдығына орайластырылып өткізілген шара көпшілік құрметіне бөленіп, жоғарғы деңгейде бағаланды.

2009 жылдың маусым айында Татарстан Республикасының астанасы Казань қаласында өткен «Наурыз» түркі халықтарының ІХ халықаралық фестиваліне қатысты. Абайдың 38 қара сөзі желісінде жазылған «38 немесе Қарақұрт» қойылымымен барған театр ұжымына оң баға берген театр сыншылары театр ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Театр  - адамдарды тәрбиелеу,биік рухани сипаттарды қалыптастыру орны. 

2012 жылы Ә.Мамбетовтың 80 жылдығына арналып, Орал қаласында өткен ХХ-шы Республикалық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Қаралы сұлу», әңгімесі С.Цвейгтің «Амок» новелла желісі бойынша «Зілзала» қойылымымен қатысып, «Ең үздің режиссер» номинациясын жеңіп алды.

Құрылғанынан- ақ ізденіс жолына түскен театр ұжымы жемісті өнер шеруін  жалғасытырып келеді. Әр жылғы жаңа маусымдық жоспар бойынша театр ұжымы алыс-жақын шетелдерге, республикамыздың бірнеше (Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Шымкент  т.б.) қалаларын және облысымыздағы шалғай аудан қалаларға  гастрольдік сапармен баруды дәстүрге айналдырады. Театрдың талантты әртістері Абайдилденов Марат, Мырзалинова Құралай, Башаров Кенжебек,  Умиралиев Медғат,  Манкеева Бану, Жансейтова Айнара, Бақбердиева Майра және т.б. шығармашылық ұжым өкілдері облыс әкім

2013 жылдың 27-наурыз  «Халықаралық Театр күні» кәсіби  мерекесіне орай, 27-наурыз күні  Алматы қаласының  Ғ. Мүсірепов  атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Еңлікгүл - 2013» атты мәдени шара өткізілді. Бұл шараға барлық Қазақстан театрларының өнер қызметкерлері қатысты. Аталған  шараға  іссапар барысымен Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драмалық театрынан бас режиссері,  ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты  - Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы барып қатысты.

Шараның марапаттау рәсімі өткізілу барысында  «Еңлікгүл - 2013»  деген Театр өнерінің кәсіби сыйлығымен  марапатталып,  жүлдені  бас режиссер -  Г. Мерғалиева иемденді.

2013 жылдың 4-7 қараша аралығында театр ұжымы Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлерге арналған І Республикалық театр фестиваліне қатысты. Онда М. Байджиевтің «Іздедім сені» аталатын психологиялық драмасын халық назарына ұсынды. Жаңа бағыт, тың идеяларды қамтыған фестивальде Қ.Тастамбеков, Т. Жаманқұлов, М. Өтекешова сынды  т.б.  театр майталмандары  төрелік етті. 22 жастағы жаны нәзік Нәзидің рөлін сомдаған театр әртісі Манкеева Бану Асанқызы «Ең үздік актерлік шеберлігі үшін» номинациясына ие болып, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Театр ұжымы ағымдағы жылдың 12-15 қараша күндері Орал қаласында өткен «Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестиваліне» Г. Хугаевтың «Серттесу» атты драмасымен қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

2001 жылы Ақтауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатынасуымен өткен Республикалық жастардың форумында, қала тұрғындары  біздің қаламызда театр жоқ екенін сөз еткен болатын. Соны ескеріп Елбасы, облыс әкіміне театр ашуды тапсырған болатын.

Театрға  құрылысы бітпей тұрған 2 залды кино театрды, уақытша лайықтап салынып бір жыл ішінде асығыс пайдалануға берген.  Бірақ, бұл ғимараттың  құрылысы  театрдың талабына мүлдем сай емес.

1)Театрда 51 әртіс қызмет жасайды, соған небәрі тек 7 грим бөлмесі бар. Бөлменің ең үлкені 18 шаршы метр, әр бөлмеге 7-8 әртістен келеді. Санитарлық нормаға тіптен де сай емес.

2)Театрда 9 цех жұмыс істеу керек. Бірде-бір цехқа әдейі арналған  бөлме жоқ. Декорация цехы, грим-постижер цехы, реквизитор цехы, столяр цехы, тігін цехы, костюм цехы орындары мүлдем қарастырылмаған.

3)Бүгінгі таңда театр репертуарында 40-тан астам қойылым бар. Декорация сақтайтын қойма болмағандықтан,қойылымдарға шағын және жұмсақ декорациялар, яғни маталар пайдаланылған. Декорация сақтайтын қойма болмағандықтан, ары қарай қойылымдар  қою мүмкіндігі жоқ. Түсінікті болу үшін театр ғимаратында кемі  250 шаршы метрден 3 декорация  сақтайтын қойма болуға тиіс. Күнделікті қойма бөлмесі, артық қойма бөлмесі, декорация- реставрация бөлмесі. Біздегі қазір бар жоғы  қойма көлемі 65 шаршы метр.

4)Дұрыс қойылым қою үшін театр сахнасында  кем дегенде декорация көтеретін 41 штанкет болуы тиіс, бізде бар жоғы 11. Сондықтан да профессионалды спектакль қою  мүмкіндігі  шектеулі. Жоғарыда көрсетілген кемшілік салдарынан бөтен алыс–жақын шетелді айтпағанда Қазақстан ішіндегі профессионалды театрларын шақыруға мүмкіншілігіміз жоқ.

5)Біздің театр  музыкалық драма театр. Штат бойынша 25 адам құрайтын  оркестр болуы тиесілі, бірақ біздің театр сахнасында оркестр отыратын «Яма» қарастырылмаған. Сондықтан тек  жазылып алынған музыкамен яғни  фонограмамен жұмыс жасаймыз. Бұл театр үшін жат құбылыс.

Театрдың осындай жағдайын баяндай келе, Мұнайлы өлкенің астанасы болып есептелінетін, болашағынан үлкен үміт күттіретін Қазақстанның ең жас қаласының бірі Ақтауда  теңіз жағасынан театр ғимаратын салу бүгінгі таңның өзекті мәселесінің бірі деп санаймыз.

Театр Қазақстанның болашағы, мәдениетті де, қабілетті жастар тәрбиелеуге үлкен ықпалын тигізетін мәдениет ошағы, өнердің қара шаңырағы екені айтпаса да түсінікті.

Болашақ театрдың  жері бөлініп, проектісі дайын тұрғанда құрылысы қозғаусыз қалды.

Театрдың проектісі мен макетінің жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында презентациядан өтіп қолдау тапқан болатын.

Театрдың  аталған  ғимараты салынбаған жағдайда  қазіргі театр ғимаратын қайта лайықтап, күрделі жөндеуден өткізу керек! Жобасы шамамен 1 200 мил.тенге. Ол үшін жобаның сметасын жасату үшін жақын арада 120 мил.тенге қажет. Әйтпеген жағдайда, Ақтау қаласында  театр  ғимараты жоқ  деп есептеуге болады.

Театрда бүгінгі таңда 78 шығармашылық  сирек кездесетін мамандар жұмыс істейді. 10 жылдан бері қарай театр қызметкерлері бірде–бір пәтер алған жоқ. 20 қызметкерлер қызметтік пәтерде тұрады. Соңғы 6 жылдан бері қызметтік пәтер де бөлінбеген. Соның салдарынан, театр ашылғаннан бері қарай бір режиссермен шектелуде. 12 ең керек деген таңдаулы әртісіміз, 14 керекті шығармашылық  құрам мамандары пәтерсіз.

Осы жағдайларды ескере келе, жақын арада театрға кем дегенде 1-2 бөлмелі 5 пәтер бөлу мүмкіндігін сұраймыз.

Биыл театрға 13 жыл. Театрдың бүгінгі хал-ахуалы материалдық жағынан сын көтермейді.

Сізден театрдың жанашыры, ел ағасы ретінде қолдау жасап көмек көрсетуіңізді сұраймыз.

Мұханов Нұрнияз Мұханұлы - театр директоры, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Құрмет» орденінің иегері.

Миргалиева Гүлсина Бақытжанқызы - театрдың көркемдік жетекшісі. Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері,  «Тарлан» сыйлығының лауреаты.  

Зиятова Гюль Бабажанқызы – театрдың пластика режиссері. Республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Кенен Ақүрпеков – театр әртісі. Республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Канафина Гүлнар –театрдың бас суретшісі. «Мәдениет қайраткері»

Абайдилденов Марат – театр әртісі. Балаларға арналған қойылымдардың авторы және қоюшы режиссері. «Мәдениет қайраткері»

Жұмағалиев Мырзахмет – театр ашылғалы директордың орынбасары «Мәдениет қайраткері»

Манкеева Бану - театр әртісі. Республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Башаров Кенжебек – театр  әртісі. 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Абенова Айнұр – театр  әртісі. 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Өміралиев Медғад – театр  әртісі. 2015 жылдың желтоқсан айында «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, 2016 жылдың 27-ші наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай, «Жыл актері» номинациясы бойынша «Еңлікгүл - 2016» театр өнерінің кәсіби сыйлығын иеленді.

Еңбекке адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2013-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жаңа премьера З.Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» спектаклі өткізіліп, 2013 жылдың қыркүйек айында перемьерасы шықты.  

2015 жылы  театр ұжымы  Қазақ  хандығының  550 жылдығына  арнап  Ә.Кекілбайұлының  «Абылай хан»  документальдық драмасының  премьерасын  жарыққа шығарып,  Астана қаласында  өткен гастрольдік іс-сапарға барып, ұсынып қайтты. Сонымен қатар, М.Әуезовтың әйел теңсіздігі тақырыбын қозғаған «Қарагөз» драмасы 2016 жылдың ақпан айында және  Уильям Шекспирдің  «Гамлет»  трагедиясы сәуір айында  көрермен назарына ұсынылды. Ал, ағымдағы жылдың мамыр айында Н.Гогольдің «Ревизор» атты комедиясының премьерасы сахналанды. Театрдың шығармашылық труппасы 13-ші маусымының жабылуы қарсаңында Алматы облысының Райымбек ауданының Қарасаз және Сарыжаз ауылдарына, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылына Ә.Оразбековтің  «Бір түп алма ағашы»,  М.Мақатаевтың  «Қош, махаббат»  драмаларымен гастрольдік сапарға  барып қайтты.  

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

театр имени Нурмухана Жантурина

Нурмухан Сейтахметович Жантурин (каз. Нұрмұхан Сейтахметұлы Жантөрин) (1928—1990) — казахский советский актёр театра и кино, режиссёр кино, Народный артист Казахской ССР. Нурмухан Жантурин родился 22 апреля 1928 года в селе Кондаурово Гурьевской области

Подробно в Википедии

>