Гюль Зиятова

ЗИЯТОВА ГЮЛЬ БУВАЖАНҚЫЗЫ

Театр іргетасын қалаушы

«Серпер» жастар одағы сыйлығының лауреаты

«Екінші пландағы әйел бейнесі» номинациясының,

«Ең үздік сахна костюмі» номинациясының,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Зиятова Гюль Буважанқызы 04.10.1976 жылы Маңғышлақ облысы, Шевченко қаласында дүниеге келді.

1995  жылы  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2000  жылы «Драма  режиссері» мамандығы  бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеұлының шеберханасынан түлеп ұшты. 

  Еңбек жолын Ақмола облыстық Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында бас балетмейстер болып бастады. 2002 жылы жаңадан құрылып жатқан Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына бас балетмейстер лауазымына шақырылып, содан бері осы қызметті абыроймен атқарып келеді. Республикалық және халықаралық өнер сайыстарында жүлдегер атанып жүрген танымал балетмейстер. Гюль Буважанқызы театр және киноның кәсіби шебер актрисасы және спектакльдің пластика режиссері ретінде көрерменге кеңінен белгілі.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·   1996 жылы «Алматы қаласының ең үздік бишісі-96» конкурсында 1орын жүлдесін иеленді.

·   1997-1998 жылдары Алматы қаласының «Мен» жастар шығармашылығы фестивалінде ұйымдастырушы және режиссер болып қызмет атқарды.

·   1998 жылы  Болгарияның София қаласында «Театрдағы пластика» тақырыбында «Дене және уақыт» бағдарламасы бойынша «Орындаушылық өнердің жазғы академиясы» атты халықаралық курсында оқуға грант ұтып алып, «Сорос» қорының қолдауымен бүкіл ТМД елдерінен іріктелген екі адамның біреуі болып оқып келді.

·   1999 жылы Алматы қаласында «Сорос» қорының қолдауымен ашық аспан астындағы «Амфион» халықаралық фестивалінің бас режиссері қызметін атқарды.

·   1999 жылы Атырау қаласында Махамбет атындағы облыстық драма театрында Франц Кафканың «Жәндік адам» шығармасы бойынша Ермек Аманшаевтың инсценировкасында спектакль қойды.

·   2000-2002 жылдары Ақмола облысының Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында бас  балетмейстер болып қызмет атқарды.

·   2000 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық фестивалінің  «хореографиялық жанры» бойынша дипломанты атанды.

·   2001 жылы мини-коллекция фестивалінде «Конвейер» спектаклімен Гран-при жүлдесіне ие болды.

·   2001 жылы «Конвейер» спектаклі Каир қаласында эксперименталдық театрының фестивалінде «Үздік қойылым» номинациясын иеленді.

·   2003 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Т.Әліпбаевтің «Томирис» спектаклімен пластикалық қойылым бойынша «Тұсау кесер» номинациясының жеңімпазы.

·   2004 жылы «Шабыт» VII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде «Ең үздік сахналық костюм»  номинациясымен марапатталды.

·   2004 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық фестивлінде «38 немесе Қарақұрт» спектаклінің костюмдер, грим және пластика  авторы болды.

·   2004 жылы Облыс театрының өркендеуі барысындағы жарқын істерге қосқан жеке үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

·   2006 жылы Ақтау қаласында «Каспий  достық теңізі» халықаралық фестивалінің ұйымдастырушысы болып қызмет атқарды.

·   2007 жылы Каир қаласында эксперименталдық театрының халықаралық фестиваліне қатысып, «Реквием» спектаклінің костюмдері, грим және пластика сахналарының авторы болды.

·   2008 жылы Ақтау  қаласында «Каспий достық теңізі» халықаралық фестивалінің  режиссері болып қызмет атқарды.

·   2008 жылы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының құрылғанына 5 жылдық мерекесіне орай театрдың өсіп-өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

·   2009 жылы Жантөрин театры директорының «Театр тірегі» номинациясы бойынша марапатталды.

·   2011 жылы Қазақстан Жастар одағының жоғары актерлік шеберлігі үшін «Театр өнері» номинациясы бойынша «СЕРПЕР» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

·   2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

·   2014 жылы мәдениет саласына қосқан үлесі үшін V Орта Азия халықаралық театр фестивалінде «Екінші пландағы әйел бейнесі» номинациясымен марапатталды.

·   2015 жылы Мәдениет және өнер күні мерекесіне орай облыс әкімінің Алғыс хатын алды.

·   2017 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің І халықаралық театр фестивалі аясында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының «Халдун Танер» атындағы медалімен марапатталды.

·   2018 жылы Нұрмұхан Жантөрин атындағы төсбелгінің иегері.

·   2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

Осы театр сахнасындағы алғашқы ролі Л.Разумовскаяның «Сад без земли» пьесасы бойынша қойылған спектакльдегі Ольгадан бастап көптеген басты бейнелер жасауда асқан шеберлік танытып келеді.

 

 Л.Разумовская  «Сад  без  земли» - Ольга

 А.Чехов «Скандальные  истории» -Татьяна  Алексеевна

 С.Құдайбергенов «Перзентхана» - Венера Айтбаевна

 М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала» - жапон әйелі

 И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Баронесса

 С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Түркмен бәйбіше

 Т.Уильямс «Трамвай «Желание»» - Стелла

 А.Володин «Қос жебе» - Кейуана

 Д.Фо «Свободная пара» - Она

 Т.Джюдженоглы «Көшкін» - Елес

 Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» -  Мара

 У.Шекспир «Гамлет» - Гертруда

 А.Камю «Калигула» - Психолог

 С.Адай «Үрей дерті» - Сауысқан

 М.Задорнов «Продайте мужа» - Елена Владимировна

 А.Чехов «Чудесные люди» - Татьяна Алексеевна

 Дон Нигро «Дикие истории 16+» - Боб, Мышь, Тэбби, Бэсси

 Гарсиа Лорка «Бернарда Альбаның үйі» - Қозы

 Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» - Миллат

 

ЕРТЕГІЛЕРДЕ:

1. С.Михалков «Үш торай» - Торай

2. Ш.Перро «Етік киген мысық» - Мысық

3. Ш.Перро «Золушка» - Жавотта

4. Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» - Қоян

 

ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

Н.Чинкебаева «Аладдиннің сиқырлы шамы»

А.Михалков «Үш торай»

 

ПЛАСТИКА РЕЖИССЕРІ, АКТЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ:

Т.Әліпбаев «Томирис», А.Пушкин «Реквием», В.Гариней «Супружеская идиллия», Н.Чинкебаева «Аладдиннің  сиқырлы шамы», С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық», И.Сапарбай «Сыған серенадасы», М.Әуезов, С.Цвейг «Зілзала», Ә.Кекілбайұлы «Шыңырау», А.Камю «Калигула», Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры», С.Жүсіп «Адам болып өтейін», С.Адай «Үрей дерті», А.Володин «Қос жебе», Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты», Р.Отарбаев «Фариза мен Мұқағали», Иран-Ғайып «Диоген мен Ескендір», «Естайдың Қорланы», Л.Разумовская «Дорогая Елена Сергеевна» т.б.

 

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ:

*1995 жылы «Последняя  звезда Біржана» (реж: Т.Теменов) Ғайша;

*2010 жылы «В ожидании моря» фильмінде (реж: Б.Худойназаров);

*2010 жылы С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» драмасы желісі бойынша түсірілген «Кәусар» көркем фильмінде (реж: Г.Мирғалиева) Венера Айтбаевна;

*2011 жылы «Лотерея» фильмінде (реж: Д.Манабай) Сафура;

*2011 жылы «Кішкентай» фильмінде (реж: Д.Саламат);

*2013 жылы «Приключение» фильмінде (реж: Н.Төребаев);

*2013 жылы «Ауыл сақшысы» телехикаясында (реж: С.Құрманбеков) Шарипа;

*2013 жылы «25-й километр» телехикаясында (реж: И.Пискунов, Э.Гильман, А.Жунусова) Зульфия Закировна;

*2013 жылы «Кемпір» фильмінде (реж: Е.Тұрсынов) келін.

 





12
>