Әлия Бисенбиева
БИСЕНБИЕВА АЛИЯ ҚАНАТҚЫЗЫ
Бисенбиева Алия Қанатқызы 1994 жылы 17 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында дүниеге келді. 2000-2009 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы 27 орта мектепті тәмәмдағаннан кейін, 2009-2012 жылдары АУТК экономист-финансист мамандығында оқыды. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Актерлік өнер» мамандығы бойынша білім алды. 2019 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында артист қызметін атқарып келеді.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
· 2022 жылы Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық V «BALAUSA» эксперименталды қойылымдар фестивалінде Гарсиа Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» спектакліндегі Бернарда ролі үшін «Үздік әйел бейнесі» номинациясымен марапатталды.
· 2022 жылы 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
· Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Кіші Ханым
· И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Изольда
· М.Байджиев «Іздедім сені» - Нәзи
· Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Баян
· Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы...» - Жәмилә
· Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Диана
· С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Нәзікеш
· С.Назарбекұлы, Н.Мұханов «Ант» - Жеңгесі
· С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мехри
· Гарсиа Лорка «Бернарда Альбаның үйі» - Бернарда
· С.Нұржан «Хан кегі» - Бопай
· А.Цагарели «Ханума» - Тэкле
· «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» Шиммер
· Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» Айнаш
· М.Әуезов «Қорғансыздың күні» Анасы
· Ж.Ерғалиев «Құлпытастың көз жасы» Жамал
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі























