Репертуар: Құнанбай мен Абай
Автор: Есенғали Раушанов
реж: Г.Мирғалиева
Есенғали Раушанов
«Құнанбай мен Абай»
сырласу
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады
Есенғали Раушанов
«Құнанбай мен Абай»
сырласу
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады
«Құнанбай мен Абай» қойылымының авторы - қазақ ақыны, жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов.
Автор шығармадағы Құнанбай бейнесін кеңес үкіметі кезеңінде қалыптасқан іске алғыссыз дөкір, дөрекі күйден алшақтатып, өзге қырынан, мейлінші шыншыл, Абайдай дана, ұлы ақынды, философты тәрбиелеген әке, азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылды ғана емес, әріден толғайтын тұлға ретінде суреттейді.
Спектакльде Құнанбайдай әке мен Абайдай бала арасындағы жан тебіренісі, ішкі сыры, бір-бірімен сырласуы қазақ сахнасында алғаш қойылуы. Бас кейіпкер Құнанбай ролін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Медғат Өмірәлиев, Абай бейнесін дарынды актер, Сүндет Сәрсен сомдайды.
Қойылымда Абай қазынасының заман мен уақыт төрелігіне бағынбайтын мәңгілік, өзекті, өміршең, сарқылмас мұрасы – поэзиясы, әндері мен ғақлиялары қолданылды. Жаны мен тәні үйлесім тапқан әке мен бала арасындағы парасатты ой-тұжырымдар, адамгершілік келбет, адамзаттық құндылықтар сынды көптен көкейде жатқан өзекті дүниелер аясында тіл табысқан қос ұрпақтың рухани байланыс құрғанына куә боласыздар.
Қоюшы режиссері – Гүлсина Мерғалиева (ҚР еңбек сіңірген қайраткері)
Суретшісі – Нысанғали Қаниев
Костюм суретшісі – Мадина Қосмағанбетова
Музыкамен көркемдеген – Қайрат Ақтаев
Хореограф – Серік Сариев (ҚР еңбек сіңірген қайраткері)
Хормейстер – Айман Берікбаева
Концертмейстер – Ғалия Слан
Вокал – Шолпан Берікбаева
Режиссер ассистенті – Әлия Исаева
Хор – Театр артистері («Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай»).
Солистер:
Рамазан Ақтаев («Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері)
– Абай «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп»
Айдос Тастаев, Мәдениет саласының үздігі
– Абай «Қор болды жаным»
Қалима Наушабаева – Абай «Татьянаға хат»
Майра Бақбердиева – Абай «Мен бір жұмбақ адаммын»
Сүндет Сәрсен – Абай «Абай арманы»
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 10 минут
Премьера күні – 30 желтоқсан 2020 жыл
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
20 мамыр 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу туралы