Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында 2023 жылдың 2 сәуір күні театр актрисасы Марина Федоренконың мерейтойлық Бенефисіне арналған пресс-конференция өтті.
Оған арнайы шақырылған қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кешкі сағат 19:00-де актриса Бенефисіне орай Л.Разумовскаяның пьесасы бойынша режиссер Ә.Исаева қойған «Дорогая Елена Сергеевна» спектаклінің премьерасы көрсетілді.
Марина Федоренко басты кейіпкердің ролін сомдады.