Репертуар: Құбылу
Жанр: драма
Автор: Е.Аманшаев (Ф.Кафка "Құбылу" повесінің желісімен)
реж: Д.Жұмабаева
Ермек Аманшаев
«ҚҰБЫЛУ»
Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесінің желісімен
пластикалық драма
Сахнадан трансформацияға ұшыраған адамды көресіз. Бұл спектакль – ойын, зерттеу, эксперимент. Қойылым Грегор Замза есімді жігіттің метаморфозының себебін іздеуге бағытталған. Оның трансформацияға ұшырауына кім кінәлі? Мұндай құбылу кім үшін? Басты кейіпкер үшін немесе оның отбасы үшін бе? Неліктен Грегор Замза өлімге душар болды? Біздің кез-келгеніміз бір күні оянып, жәндікке айналып кетуіміз мүмкін бе?
Инсценировка авторы – Ермек Аманшаев
Қоюшы режиссері – Дина Жұмабаева
Хореографы – Анна Цой
Суретшісі – Нысанғали Қаниев
Костюм суретшісі – Мадина Қосмағанбетова
Режиссер ассистенті – Әлия Исаева
Жарық беруші – Назым Утесинова
Музыкамен көркемдеген – Қайрат Ақтаев
Рольдер мен орындаушылар:
Грегор Замза – Рысқұл Жанғазы, Бекнұр Бекимов
Әкесі – Еркебұлан Бекен, Рамазан Ақтаев – Мәдениет саласының үздігі
Шешесі – Алия Бисенбиева, Жазира Жексембаева
Қарындасы – Айдана Жантақбаева
Қызметші әйел – Сәуле Бағланбаева
Басқарушы – Бағлан Игдирбай, Абзал Ратбек
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
Жас ерекшелігі – 18+
Премьерасы 18 маусым 2023 жылы өтті
Бір күні таңертең мазасыз ұйқыдан оянған Грегор Замза өз төсегінде қорқынышты жәндікке айналғанын анықтайды. Франц Кафканың күрделі әрі шиеленісті повесінің желісі бойынша Ермек Аманшаев жасаған инсценировка осылай басталып, көрерменді тың ойларға жетелейді. Бір қызығы кейіпкердің «құбылу» себептері ашылмайды. Спектакльде Грегордың құбылуының отбасына қаншалықты ауыр әсер етті, күннен күнге өзін тануын жоғалта бастаған жігіттің өліміне кім кінәлі деген сұрақтарға жауап іздейсіз.
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі























