Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді

Сахна шымылдығы «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің әнұранымен ашылып, мәдениет қызметкерлерін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Лұқпанұлы атаулы мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.

Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас  дирижеры Р.Мәдіреев және әртісі А.Жаңбырбаева, ақын Қ.Әбдіраманов, Жетібай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. Сатқанбаева, «Отпан» мәдени кешені директорының  орынбасары Ж. Кетеева, облыстық ғылыми-әдістемелік және  мәдени қызмет көрсету орталығының маманы С.Құдайберген,  «Жорға» халықтық би ұжымының жетекшісі С. Сариев, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртісі А.Тастаев «Құрмет грамотасымен», тарихи-өлкетану музейінің қызметкері В.Д. Малюк, Филармония әртісі А.Алданиязарова мен Б.Азмағамбетов, қуыршақ  театрының актрисасы Б.Түстікбекова, Қабиболла Сыдиықов атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі Г.Сәрсембаева, «Молодость» джаз ансамблінің жетекшісі Л.Бестембекова, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының актрисасы М.Бақбердиева мен жарық цехының меңгерушісі Н.Өтесінова, «Настроение» би ансамблінің жетекшісі З.Зиятова, ғылыми-әдістемелік орталығының маманы Г.Жолдыбаева Маңғыстау облысы әкімінің  «Алғысымен» марапатталды.

О.Құлсариев, С.Шәкрат, К.Тасболатов, Ә.Жұмағалиев, Н.Мұханов, А.Сүндетов, Р.Айдарбаева, М.Шоманова, А.Жаңбыршы, Ж.Сейітов, Б. Қондыбай, Ә.Молдабаева, Р.Батыршева, Т.Жұмалиева, О.В.Хныкина, Х.Балапашова, Е.А.Синица т.б. Мәдениет  және өнер саласының ардагерлеріне мерекелік сыйлық тапсырылды.

«Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың!» атты X «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінде жеңімпаз атанған  Мұнайлы және Түпқараған аудандары — III орынға, Бейнеу ауданы мен Ақтау қаласы — ІІ орынға, Маңғыстау және Қарағия аудандары — I  орынға, батыр қала Жаңаөзен өнерпаздары — Бас жүлдеге ие болды. 

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің Гала-концерті  жаңаөзендік «Інжу» би ансамблінің орындауындағы «Мереке» биімен басталып, Түпқарағаннан Әсел Нұрсұлтанова Сейдолла  Бәйтерековтің «Кішкентай», Бейнеуден Нұрсая Бақиқызы  Латиф  Хамидидің «Бұлбұл» әнін күйсандықта орындады. Қаршыға Ахмедияровтың  «Адай Ақжелеңін» Бейнеу ауданы, Қарақия ауданы, Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданы, Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы  домбырашылар  ансамбльдері қосыла орындап, өнер көрсетті. Маңғыстау ауданының «Маңғыстау» квартеті Асылбек Құрмановтың  «Отан», Айдын Әбдеш Еділ Дүйсеновтің  «Мәңгілік ел» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ақтау қаласы өнерпаздары Мурат Оруджовтың жетекшілігімен «Матрос» биін, Жаңаөзен қаласынан «Самғау» тобы Алтынбек Қоразбаевтың «Үш қоңыр», Сыдық Мұхаммеджановтың  «Шаттық отаны» симфониялық поэмасын Әлібек Мұратовтың дирижерлігімен  Бейнеу ауданы,  Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласы Ұлт-аспаптары оркестрі бірге орындады.

Бейнеу ауданы өнерпаздары Нұржан Өтегенов, Қарагөз Мерешова Жанар Көбегенованың дирижерлігімен  Құрманғазының  «Адай»,  маңғыстаулық Дарын Қосай, Қарақиялық — Абуғали Ибраев, жаңаөзендік — Марат Оразалиев, ақтаулық  – Жасұлан Таласбай, жаңаөзендік Бақыт Қуатовтың дирижерлік етуімен Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен мерекелік концертті аяқтады.

Үміт ЖӘЛЕКЕ 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 9269



26 сәуір 2023

Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!

20 сәуір 2023

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!

10 сәуір 2023

Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!

7 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.

6 сәуір 2023

Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында

2 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі

12 қазан 2021

Құттықтаймыз!

9 қыркүйек 2021

XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

9 сәуір 2021

Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"

9 сәуір 2021

Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.

3 сәуір 2021

Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.

21 наурыз 2021

Бүгін біздің туған күн!

18 наурыз 2021

"Кел, балалар, ойнайық!"

15 наурыз 2021

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!

12 наурыз 2021

"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.

8 наурыз 2021

3 наурыз 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.

2 наурыз 2021

ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/

22 ақпан 2021

Архитектуралық өзгерістер жоспары

15 ақпан 2021

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

7 ақпан 2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!

28 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.

28 қаңтар 2021

"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.

22 қаңтар 2021

ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>