Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

 

Көрген де арманда, көрмеген де арманда! Кеше Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында ақын Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті.  Бұл кеште  әуезді ән айтылып, сүбелі өлең де оқылды. Есенғали шығармашылығынан қойылым ойналып, белгілі тұлғалар есіл естеліктерімен бөлісті.   Мерейтойды атап өтуге ақынның үзеңгілес достары, шәкірттері, студенттері мен  жыр сүйер қауым қатысып, залда ине шаншар жер болмады.


«Қазақ қаламгерлері Есенғали ақынға қарыздар»

Кеш шымылдығы Есенғали ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығына арналған деректі фильмнен басталады.  Онда жыр кешінің иесі ақын ағамыз:

«Әжемнің баласы болдым. Ол кісі керемет ақын еді. Абыл, Нұрым, Қашаған жырларын жатқа айтатын. Әжемнің ертегісін тыңдап. Мен алдымен ауыз әдебиетіне қарыздармын. Екінші ұстазың кім десе, кітап деп жауап берер едім. Қай тілде болсын оқыған кітаптарым өмірдегі серігіме айналды», — деп ағынан жарылады.

— Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Пайғамбарлық менімен тоқтайды. Менен кейін ақындар келеді» деп айтқан екен. Бұл сөздің жаны бар. Есенғалидің өлеңдері шырын хадистерден бастау алады», — деген теңеу берді кеш жүргізушісі ақын Светқали Нұржан.

 

Есенғали Раушановтың кешіне арнайы алыстан келген қонақтар аз болған жоқ. «Алаштың алтын сарайы, белгілі жазушы, тарихшы Әнес Сарай бастап, жазушы, проза жанрының дүлділі Төлен Әбдікұлы, қазақтың қазыналы қаламгері Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Әбіш ағамыздың замандасы, депутат Сауытбек Әбдірахманов, жазушы, белгілі баспагер Мереке Құлкенов,  қазақтан шыққан тұңғыш желаяқ деген атқа ие болған Әмин Тұяқов, физик-математик Жауынбай Қараев, «Әбіштің сын кітабының өзі жыр кітабындай баурап алады» деп мадақтаған, Есенғали Раушанов шығармашылығы туралы монография авторы Жанат Әскербекқызы, Ұлт ұстазы «Қадір Мырзаәли» орталығының басшысы, ақын Бауыржан Халиолла, өлеңі қыздай сызылып тұратын ақын Жұмабай Құлиев, Әбіш Кекілбайұлының сөнбейтін шырағын жағып отырған өмірлік қосағы Клара Жұмабаева  мен оның қызы Сәулет те келіп отыр», — деп таныстырды Светқали Нұржан.

 

Гүлсина Мерғалиеваның режисерлігімен «Ғайша бибі» поэмасы  сахналанды. Онда түркі халықтарының көсемі Күлтегін қаған түркілердің 7 белгісін қадап айтып, бүгінгі ұрпаққа өсиет қалдырғандай әсер етті.

Сондай-ақ, өлке жастары Есенғали Раушановтың жалынды жырларынан үзінді оқыды. 1986 жылғы қанды көтерілістің ұранына айналған «Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалғанда, көрермендер көзіне жас алды.

«Жеті атамыздан бері жілік үзілмеген бай жердің баласымын!»

Белгілі журналист, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов Е.Раушанов туралы келелі әңгіме бастады.

 

— Есенғали өте сирек сұхбат беретін ақын. Сондай сұхбаттың бірінде ол былай дейді: «Талай жерде айтып жүрмін. Қай кезде де жасырмай айтамын. Мен бар жердің баласымын. Жеті атамыздан бері жілік үзілмеген  тұқымбыз. Қорлыққа, мазаққа, иттікке, тексіздікке шыдамайтындармыз. Бақытым да, бақытсыздығым да сонда. Намыс деген бізде басқаша аударылады». Бұл сөз Есенғалидің тектілігін көрсетеді емес пе? Әрбір ақын, әрбір қаламгер Есенғалиға қарыздар. Мен ақынның 1957 жылы туғанына шүкіршілік етемін. Жаңа ғана 60 жасқа толып отыр. Біз 60 жасымыз келсе жылап көрісер едік. Өйткені Есенғалидің бозбала болып өскен кезі қоғам мен қоғам, заман мен заман ауысқан өтпелі кезеңге дәл келді. Бұл оның әрі драмасы, әрі бақыты. Есенғали мектепте жүргенде қазақ тоқырау кезеңнің шегіне жетті. Есенғали жігіттіктің жайлауына шығып, 25-ке келгенде Кеңес дәуірінде үлкен үрдістер орын алды. Есенғали 30-ға жетпеген шағында Желтоқсан оқиғасы болды . Соның бәрін жас кезінен көріп, өзегінен өткізді. Бұдан кейін тәуелсіздік келген заманда қилы-қилы кезеңнен өтті. Бұл да Есенғалидің санасының сүзгісінен өтті, жүрегіне жетті. Қазақтың басынан өткен қилы тағдыр Есенғали әлемін байыта білді.  Екінші жағынан, ақын өлең өнерін өзіне тән ерек стилімен байытты!

Бүгінгідей мағыналы мәнді кеш ұйымдастырып, азаматты ардақтап, асылды қадірлеген өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы мен күллі Маңғыстау жұртына келген қонақтар атынан алғысымды білдіремін, — деді Сауытбек Әбдірахманов.

«Есенғали аға – Маңғыстаудың баласы»

 

— Биыл ЭКСПО көрмесіндегі Маңғыстау күндері аясында Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы Астанада дүркіретіп тойланды.  Бүгін әкімшілікте зиялы қауым арасында әдемі талас болды. Біз, маңғыстаулықтар, талантты ақынымызды ешкімге бермейміз. Есенғали аға – Маңғыстаудың баласы!

Елбасымыз «Рухани Жаңғыру» атты мақаласын осындай тұлғалардың дәріптеліп, қарапайым халықпен етене әңгіме-дүкен құруына мүмкіндік жасайтын жобаларға арнады. Бізді сағынтпай жиі келіп тұрыңыз, Есенғали аға! Күллі Маңғыстау жұрты сізді асыға күтетін болады. Ақынның алпыс жылдық мерекесін Маңғыстау жерінде кеңінен атап өту – біздің парызымыз.

Астанада айтқан уәдеміз бойынша, бүгінгі кештің иесі Есенғали Раушановқа Ақтау төрінен пәтер кілтін табыстаймыз! Енді ағамыз Ақтауға жиі келеді деп үміттенеміз», — деген лебізін білдірді Маңғыстау облысы әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов.  Кеш соңында өңір басшысы Елордаден келген құттықтау хаттарын оқып, жыр дүлділі Есенғали ағамызға шапан жапты.

Айгүл ДӘДЕН

http://7292info.kz/mangystaulyktar-esengali-raushanovtyn-keshin-kalai-atap-otti-photo/

Жарияланған күні: 24 қазан 2017
Оқылған саны: 24374



11 қаңтар 2018

Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері

7 қараша 2017

КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА! «АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»

24 қазан 2017

Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

24 қазан 2017

Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті

17 тамыз 2017

КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІНІҢ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ!

17 маусым 2017

ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫ "САХНАДАН СӘЛЕМ" ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

19 мамыр 2017

Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді

17 мамыр 2017

Сабыр Адайдың шығармашылық кеші "Алтынзер".

2 мамыр 2017

Маңғыстау театры Трабзоннан табысты оралды.

4 сәуір 2017

ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ

16 наурыз 2017

ЖАНТӨРИН "ГАМЛЕТПЕН" ТРАБЗОНҒА БАРАДЫ!

24 ақпан 2017

АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!

14 ақпан 2017

Ұлым, саған айтам...

29 желтоқсан 2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 желтоқсан 2016

Құрметті Қазақстандықтар!

14 желтоқсан 2016

Жаңа жыл.

6 желтоқсан 2016

"Әбіш әлемі" фестивалі басталды

30 қараша 2016

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

25 қараша 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі

23 қыркүйек 2016

Құрметті театр көрермендері!

21 қыркүйек 2016

Құрметті, өнер сүйер қауым!

19 қыркүйек 2016

Біздің Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды

8 тамыз 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі

5 сәуір 2016

​Театрдың мейманасы тасыды

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>