Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті
Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті
Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бастамашылығымен, Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен 2017 жылдың 24-28 тамыз аралығында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткізілді.
Фестиваль «Қазақстанның Еңбек
Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80
жылдығына арналды.
Фестивалдің басты мақсаттары мен міндеттерінің бірі Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу, театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, бірлескен шығармашылық жобаларға және кәсіби қарым – қатынасқа жағдай жасау, жұртшылық назарын қазіргі заманғы жаңа театрлық үдеріске аудару болды.
Фестивальге қатысуға Каспий
жағалауы және түркі тілдес елдердің
кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылған болатын. Фестивальдік
қойылымдар төрт күн бойы тегін көрсетілді.

Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестиваліне қатысқан театрлар тізімі
1. «Ноғай Мемлекеттік драма театры» мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей, Дағыстан Республикасы, Ноғай ауданы);
2. М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Қазақстан, Алматы қ.);3. ЙУГ Мемлекеттік театры (Әзірбайжан, Баку қ.);
4. Астрахан облыстық «Астрахан драма театры» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Россия, Астрахан қ.);
5. Айна театр тобы (Иран, Табриз қ.);
6. Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Қазақстан, Ақтау қ.).
Аталмыш фестивальде «Айна» театр тобы (Тегеран қ.) Х.Жалалидың «Беймәлім әлемдегі Робинзон мен Крузо» комедиялық трагедиясын, «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Астрахан қ.) Л.Толстойдың «Анна Каренина» романынан көріністер, ЙУГ Мемлекеттік театры (Баку қ.) В.Клименконың «Медея.Секвенция01» апогрифтік тәубә, «Ноғай Мемлекеттік драма театры» Мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Терекли-Мектеб қ.) М.Кәрімнің «Ай тұтылған күн» трагедиясын, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры (Ақтау қ.) М.Әуезовтің (С.Цвейг) «Зілзала» эссесін көрермен назарына ұсынды.
Фестиваль
ұйымдастырушылар шешімімен, төрт күн бойы көрермен назарына ұсынылған спектакльдерді
таразыдан өткізуге арнайы Отандық және шетелдік
театр мамандары шақырылған болатын. Сарапшылар алқасының төрағасы болып Қазақстанның
халық артисі, профессор Талғат Теменов бекітілсе, Қазақстанның халық артисі,
профессор Есмұхан Обаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері
Азамат Сатыбалды, Түркия Мәдениет және Туризм министрлігі Мемлекеттік театрлары
бас директорының орынбасары, режиссер және актер Эрдал Кючюккемюрчю,
Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық театр сыншылары
ассоциациясының мүшесі Исрафил Исрафилов, Грузия заманауи театрларды зерттеу
орталығының бас директоры, театр сыншысы, профессор Лаша Чхартишвили сарапшылар
алқасының мүшелері тізгінін ұстады.
Фестивальдің сарапшылар алқасының шешімімен Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің І Халықаралық театр фестивалінің
- «КАСПИЙ ШҰҒЫЛАСЫ» номинациясы бойынша
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік
академиялық драма театры ұжымы марапатталды;
- «ХАЗАР РЕНЕССАНСЫ» номинациясы бойынша
ЙУГ Мемлекеттік театры ұжымы марапатталды;
- «СИЯНИЕ КАСПИЯ» номинациясы бойынша «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі ұжымы марапатталды
- «КАСПИЙ АЙДЫНЫ» номинациясы бойынша«Ноғай Мемлекеттік драма театры» марапатталды
-
«КАСПИЙ МЕРУЕРТІ» номинациясы бойынша
«Айна театр тобы» ұжымы марапатталды
- «КАСПИЙ МАРЖАНЫ» номинациясы бойынша
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық
музыкалық драма театры ұжымы марапатталды.
Сонымен қатар фестиваль
аясында ТҮРКСОЙ-ға мүше-елдердің мемлекеттік театрлары басшылары Кеңесінің
кезекті мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға қатысқан
театр басшылары, ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасеинов табыс еткен, «Халдун
Танер» атындағы медальдің иегерлері атанды.
Оқылған саны: 12225
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі
18 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі
15 қыркүйек 2025
ІІІ-ші Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалінің үздіктерін анықтайтын, түркі елдерінің кәсіби мамандарынан құралған беделді қазылар алқасы
14 қыркүйек 2025
ZHANTURIN TALKS
10 қыркүйек 2025
«Зулейха» спектаклі Ақтау қаласында!
10 қыркүйек 2025
ПРЕМЬЕРА! Б. Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша «ТОЙ»
6 қыркүйек 2025
Ахмет Байтұрсынұлы 153 жыл
4 қыркүйек 2025
Каспий жағалауында III-ші Халыкаралык ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді!
29 тамыз 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары
28 тамыз 2025
2025 жылга арналған «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағыттық жузеге асырылуы ЖОСПАРЫ
28 тамыз 2025
МККК сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
6 желтоқсан 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
25 қыркүйек 2024
МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдау анықтамасы
17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
31 мамыр 2024
Антикор жоспар
31 мамыр 2024
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормаларын түсіндіру
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі положение 2024
27 мамыр 2024
Әбіш әлемі ережесі 2024
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн

Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөрин
Жантөрин Нұрмұхан Сейітахметұлы (22 сәуір 1928 жыл Атырау облысы, Махамбет ауданы - 2 мамыр, 1990 Алматы) — актер, режиссер. Қазақ КСРнің Халық артисі (1966). Қазақ КСРның Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Толықтай Википедия