Медғат Өмірәлиев

  «Еңлікгүл – 2016» сыйлығын алудағы сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, мен Алматыға «Қыз жолы» сериалының екінші бөліміне түсуіне келген едім. Бұл жүлде мен үшін күтпеген жерден үлкен тосын сый болды. Біріншіден, осы сыйлықты алуыма ұсынған Нұрнияз аға мен Гульсина апайға, екіншіден маған сенім артқан Театр қайраткерлері Одағына алғысымды айтамын. Осындай мойныма артылған, жауапкершілігі мол атақты алып жүру де оңай емес. Қолымыздан келгенше бар күш- қуатымызды осы өнерге салып, сенімдеріңізді ақтаймын деген үміттемін. Бұл әрине жеңіс, марапат жалғыз менің ғана емес, менің ұжымым Н.Жантөрин театрының үлкен жетістігі деп білемін. Актердің, режиссердің, жалпы өнер адамының жұлдызының жарқырауы кәсіби айтылған сынға байланысты деп ойлаймын. Өйткені сені дәріптейтін де, қамшылайтын да сын. Сондықтан оған деген көзқарасым дұрыс.

Маңғыстау театрда орындаған рольдеріме тоқталар болсам, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Тибальт, А.П.Чехов «Жанжалды оқиғалар» – Иван Васильевич Ломов, Б.Беделханұлы «Махамбет» – Жәңгір хан, А.Вампилов «Үлкен ұл» – Сарафанов, С.Назарбекұлы, Н. Мұханов «Ант» – Қожаназар, Ә.Кекілбаевтің «Абылай хан» – Абылай хан, Г.Хугай «Қара шекпен» шығармасының желісімен қойылған «Ақырзаман» драмасында – Тұзар және тағы басқа. Бұл жүлдені осы аталған рольдерім үшін алдым деп ойлаймын. Бүгін еңбегімнің бағаланған күні, барлығыңызға алғысым шексіз.

Назерке ҚҰМАРҒАЛИЕВА

Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық

өнер академиясының магистранты

Жарияланған күні: 5 мамыр 2016



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12
>