Маңғыстау театрына 15 жыл
Өлкенің киелі өнер ордасы — Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театр 15 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Театр қызметкерлерінің қатысуымен өткен мерекелік шараға өңірге белгілі тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, аймақ басшылары мен облыс халқы куә болды.
Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылған болатын. Содан бері үздік шығармаларды сәтті сахналап, көрермен көңілінен шығып келеді.
Шара «Театр әлемі» фотокөрмесін тамашалаудан басталды. Қалың халық күнде спектакльден көріп жүрген актерлері жайындағы кітапшаларды тамашалап, олардың өмірі мен шығармашылығымен етене танысты
Мерекелік концерт алдында театр қызметкерлері қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Сол арқылы жиналған қауым бұл кеште әртістермен қатар техникалық ұжыммен де танысып қайтты.
Театр тарихы, ашылу кезеңі, бүгінге дейінгі қиындығы мен қызығы жайлы ұжым басшысы Нұрнияз Мұқанов бізге берген сұхбатында айтқан болатын.
15 жыл ішінде облыс театрынан 2 мәрте Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, 3 Серпер жастар сыйлығының лауреаты, 1 Тарлан сыйлығының лауреаты, 1 Құрмет орденінің иегері, мемлекеттік Дарын жастар сыйлығының лауреаты, 6 Мәдениет қайраткері, 2 «Еңлікгүл», 3 «Сахнагер» ұлттық театр жүлдесінің иегерлері, 2 Гран-при, 1-орын, 9 ең үздік режиссура, 7 ең үздік әйел бейнесі, 1 үздік ер адам бейнесі, 2 мәрте көрермен көзайымы, 1 ең үздік сахна костюмі номинацияларының, 2 мәрте Жантөрин атындағы алтын медальдарының иегерлері шықты.
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахилям Абдрахманқызы Машурова мерейтойға Алматыдан ат арытып арнайы келді. Ұжым театр іргетасын қалаған, театр ашылған уақытта драма және музыкалық драма курсынан тәлім берген әртістердің аяулы ұстазына шын жүректен алғыс білдіріп, шапан жапты.
— Мен Маңғыстау жерінде шәкірттеріміздің театр ашып, оны осныдай биік деңгейге көтергеніне, бүгін 15 жылдық мерейтойын тойлап жатқанынан өте қуаныштымын. Мұнда ерекше көңіл күйде қуана-қуана келдім. Кеше ғана тәй-тәй басып келген балаларымыз бүгін үлкен өнер иелеріне айналды. Осы сахнада қаншама спектакльде ойнап, өнерімен сіздердің алдарыңызға шығып, үлкен азамат болғандары мен үшін зор мәртебе, — деп, Рахилям Машурова құттықтауын айтып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының және оның ректоры Бибігүл Нұрғалиқызының сәлемін жеткізді.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтау лебізін білдіріп, ұжымға автобус кілтін табыстады.
Кеш соңында театр әртістеріне Алғыс хат, сондай-ақ шығармашылық және техникалық қызметкерлерге ақшалай сыйақы сертификаттары берілді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
29 қыркүйек 2017
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды
23 ақпан 2017
Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ
6 мамыр 2016
Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы
5 мамыр 2016
Медғат Өмірәлиев
20 сәуір 2016
МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»
6 сәуір 2016
Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер
5 сәуір 2016
Сахна сәні – Бану Манкеева
18 қараша 2015
До свидания, фестиваль, до новых встреч!
26 ақпан 2013
«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
27 маусым 2023
Нұрнияз Мұханұлы 75 жаста! Құттықтаймыз!
25 маусым 2023
Табылды Досымовқа арналған спектакль алдында романс кеш өтті
21 маусым 2023
Жаңа спектакльді көрермендермен талқылау жүргізілді
20 маусым 2023
Каспий жағасында театр өнерпаздары поэзия кешін өткізді
18 маусым 2023
Премьера! Франц Кафканың "Құбылу" әңгімесінің желісімен Ермен Аманшаевтың "Құбылу" спектаклінің тұсауы кесілді.
09 маусым 2023
Фариза мен Мұқағали спектаклінің аясында "Жырлайды жүрек" поэзия кеші өтті.
01 маусым 2023
1 маусым балалар күнініе тегін қойылым өтті