Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.

 

Ертең Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында «Ханума» қойылымының тұсауы кесіледі. Поп-арт жанрындағы комедиялық спектакль шетел сахналарында кең танымал. Ең алғаш рет 1972 жылы Ресейдің үлкен театрында қойылған. Поп-арт комедия грузин драматургі А.Цагареллидің талайды мәз-мейрам етіп, күлкіге кенелткен музыкалық комедиясының желісімен сахналанған. Бүгін спектакльдің алдын ала көрсетілімі болды. Комиссия мүшелеріне ұсынылып, мамандардың оң бағасына ие болды. Тифлистің ауқатты көпесі ақсүйектермен құдаласуды армандайды. Бар ойы – сол арқылы мәртебесін асыру. Мақсатына жету үшін өрімдей қызын кәрі князьге күйеуге бермек. Князьдің кедейленіп қалғаны да кедергі емес, оның атақ-абыройының биіктігі, дәрежесі маңызды болды. Ал көпестің 18 жасар қызы Сона болса князьдің жас әрі өнерлі бауырына ғашық. Оқиға кәрі князьді үйлендіруге жанын салып, бас құдалыққа таласқан жеңгетайлар Кабато мен Хануманың арасындағы тартыспен өрбиді. Кабато жеңгетай князь бен жас сұлу Сонаны қоспақ. Ал Ханума тапқан қалыңдықтың жасы қырыққа таяғанымен мал-мүлкі мол. Кейіпкерлер арасындағы қым-қиғаш қатынастар грузиннің әуезді ән-билерімен өрбіп, оқиға ширатыла түседі. Соңында әркім өзіне тиесіліні алады. Қойылымның режиссері – Гүлсина Мерғалиева, суретшісі – Тимур Коуесов, Гүл Зиятова, хореограф – Айгерім Махуова. Ханума жеңгетайдың рөлін Майра Бақбердиева мен Айым Сұлтанова сомдайды. Ал Кабато образы Эльмира Керімбаева мен Қалима Наушабаеваға тапсырылған. Князь Вано Пантиашвилиді Медғат Өмірәлиев пен Рамазан Ақтаев ойнайды. Әйгерім Зейнелова мен Ақниет Сейфуллақызы Сона қызды сомдамақ. Спектакль премьерасы 30 қараша, 5 және 12 желтоқсанда өтеді.

 

  Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

https://mangystaumedia.kz/29/66589/ 

Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12
>