Жаңа қойылымды сахналау үшін Ақтауға Теменов келді

 

Жантөрин атындағы драмалық тетрда тағы да жағымды жаңалық! Ақтауға қазақтың танымал кино режиссері Талғат Теменов жаңа қойылымды сахналау үшін іссапармен келді.

Талғат Досымғалиұлын қалың оқырманға таныстырып өтсек, оның алғаш қойған «Адамдар арасындағы бөлтірік» атты толық метражды көркем фильмі Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15 халықаралық кинофестивальдың Гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Талғаттың өз сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Адамдар арасыңдағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Алма бағы», «Көгілдір такси» (С.Сматаевпен бірігіп) пьесалар жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған «Көшпенділер» фильміне режиссер ретінде қатысқан  Талғат Досымғалиұлы оқырман көпшілікке жазушы ретінде де таныс. Ол «Қайырлы таң» және «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

Қырғыз халқының әлемге әйгілі, кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармалары тұнып тұрған классикалық прозаның үлгісі. Заңғар жазушының шығармашылық мұрасы күннен-күнге әлем назарын өзіне көбірек аударып отыр. Сондықтан болар, белгілі режиссер, Қазақстанның халық әртісі, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов суреткер жазушының қос туындысы негізінде лирикалық драманы сахналауға даярлық жүргізіп жатыр.

Жаңа қойылымның басты рөлдерін сомдаушылар театр әртістері: Арай Омарова, Гүлнұр Зейнолда, Кенжебек Башаров пен Еркебұлан Бекен.

Қойылым авторын сұхбатқа тартқанымызда:

— Бұл, шын мәнінде, премьера! «Қаланың ханзадасы» фильмі  болып өтті. Мен Жас көрермендер театрында, Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда істеп жатырмын. Жалпы спектакльді Москвада оқып жүргенде қойғанымды есептемегенде, сыртқа қоймаған адам едім.

Осы сапарда Маңғыстау еліне, киелі, қасиетті жерге келіп жатырмыз. Ақтау театрында менің шәкірттерім бар, сондықтан осы театр сахнасында алғаш рет талантты, жас театрдың әртістерімен Шыңғыс Айтматов шығармаларының желісімен «Аққудың көз жасы» спектаклін қойып жатырмын.

Құдай бұйыртса, қарашаның 19-20-нда тұсаукесері болады. Қазақстандағы ең аққуы көп қала Ақтау, сондықтан «Аққудың көз жасы» қойылымының осы жерде тұсаукесері өткені де бір жақсы нышаны бар сәйкестік деп ойлаймын.

Осындай қоғамда қатыгездік көп, қиын кезеңде көрерменге махаббат, достық, адамгершілік тақырыбы ауадай қажет. Ұлы Шыңғыс Айтматовтың адамгершілік, махаббат, достық туралы, көршілес бауырлар туралы жазған шығармасын сахналап отырмын. Шыңғыстың сөзі бар: «Ең қиыны — адамның адам болып қалуы» деген. Сондықтан осы спектакльде адамгершілікті, махаббатты, достықты, сонымен бірге қатыгездік пен озбырлықты да сомдап көрсетеміз деп отырмыз. Көрермендер риза болады деп ойлаймын, өйткені бұл — ұлы Шыңғыс Айтматов! Бекет атамыздың аруағы қолдап қорғап жүрсін! Спектакльді көрермендер шын жүрекпен сүйсініп көреді деп ойлаймын.

Театрға ризамын. Талантты, ойлы актерлар бар екен. Режиссер  қашан да, талантты дарынды актерларды іздейді. Осы тұрғыдан келген кезде Атырау, Маңғыстау, Орал өте талантты актерлар шоғырланған театрлары бар өңірлер.

Шыңғыстың «Жәмила» повесіндегі Данияр мен Жәмила және «Ғасырдан ұзақ күн» романында  Бегімай мен Раймалының сахнаға сұранып тұрған образдары бар. Осы екі шығармаға өзім тыңнан дүниелер қостым. Қарап отырсаң, Бегімай мен Раймалы әріректе өмір сүрген, ал Данияр мен Жәмила жиырмасыншы ғасырда, соғыс кезінде өмір сүрген, бірақ уақыт өзгергенмен тазалық, сұлулық, адамгершілік ешқашан өзгермейді. Сол тұрғыдан кезде, Бегімай – бүгінгі күннің Жәмиласы, ал Раймалы – бүгінгі күннің Данияры. Сатқындық, озбырлық өзгермейтіні секілді, достық пен махаббат та өзгермейді. Бұлар дүние тұрғанша тұратын құндылықтар.

Өйткені, махаббат — мәңгілік. Достық, адамгершілік өзгермейді.  Уақыт өзгереді. Кейіпкерлер өзгереді, бірақ адамгершілік, махаббат өзгермейді. Раймалы мен Данияр, Жәмила мен Бегімайлар ешқашан өзгермейді.

Жоспарлар көп. Мен осыдан бір екі-үш ай бұрын Оралхан Бөкей үш шығармасы — «Мынау аппақ дүние», «Қар қызы», «Қасқыр ұлыған түн» шығармалары бойынша жаңа пьеса жазып шықтым. Оны Қалибек Қуанышбаев театрында қойғалы отырмын. Алдымызда Президенттік шыршабар Оның да бас режиссері менмін. Жаңа жылдан соң деректі фильм бастасам ба деп жүрмін. «Ұлы көш» деген, Алматыдан Астанаға көшу туралы. Спектакльдерім, киноларым бар.

Өнер рухани байлық. Өнер адамзатпен бірге жасайды. Өнер мәңгілік!

Абай айтпақшы, «Өлсе өлер табиғат  — адам өлмейді»,

Өлсе өлер табиғат — өнер өлмейді! — деді.

Үміт ЖӘЛЕКЕ,

Премьераға дайындықты түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

http://7292info.kz/jana-qoiylymdy-sahnalau-ushin-aqtauga-temenov-keldi/ 

Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12
>