Фестиваль шымылдығын татар театры ашты

ІІ Халықаралық Каспий жағалауы елдері театр фестивалінің алғашқы күні.

4 күнге созылатын фестивальде көрермен назарына 8 театр қойылымдарын ұсынбақ. Оларға мәдениет пен өнер майталмандарынан құралған топ қазылық етпек. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстан те атр сыншылары Ассоциациясының мүшесі Исрафил Исрафилов, Грузия заманауи театрларды зерттеу орталығының бас директоры Лаша Чхартишвили, Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы драма театр директоры Нұрнияз Мұқанов.

Шара Сабыр Амутбаев атындағы Мензелин мемлекеттік татар драма театрының «Ібіліс» қойылымымен ашылды. Театр 1936 жылы ТАССР Наркомпросының шешімімен республиканың шығыс аймақтарына қызмет көрсету мақсатында Мензелин Колхоз-совхоз театры болып құрылды. 1996 жылы театрға оның негізін қалаған аса көрнекті театр және сахна қайраткері С.Амутбаевтың аты берілді.

- Біздің театр мұндай ауқымды фестивальге алғаш рет қатысып отыр.

Сондай-ақ Ақтаудай көрікті қалаға келгенімізге өте қуаныштымыз. Фестивальдің ұйымдастырушылары осында шақырып, халықаралық шараның шымылдығын біздің спектакльмен ашу мүмкіндігін берді. Біз өзіміздің ең танымал «Ібіліс» қойылымын алып келдік. Бұл спектакль татар тарихында алғаш рет биыл Тантана Гран-приін жеңіп алған.Авторы – әзірбайжандық Гусейн Джавид, режиссеры – якутиялық Сергей Потапов, — дейді театрдың бас суретшісі, РФ еңбек сіңірген қайраткері Валерий Яшкулов.

82 жылдық тарихы бар театр репетуарының басым бөлігін татар драматургиясы құрайды. Ұжымда 24 әртіс қызмет етеді.

Айта кетейік, бүгін теңіз жағалауындағы дала сахнасында Фестивальдің ашылу салтанаты өтеді.

 

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

 

Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12
>