Көркемдік жетекші

Медғат Өмірәлиев

МЕДҒАТ ӨМІРӘЛИЕВ

Нұрмұхан Жантөрин атындағы маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі 

«Дарын » Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

«Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының жеңімпазы

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Театр іргетасын қалаушылардың бірі

      1981 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының қалыптасып, өркендеуі жолында табысты еңбек етіп жүрген алдыңғы буынның көрнекті өкілі. Медғат Өмірәлиев 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы   Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимовтың шеберханасында білім алды. 2003 жылы «Актерлік өнер» мамандығы бойынша академияны тәмәмдағаннан кейін, Маңғыстау көрерменіне алғаш рет шымылдығын ашып жатқан Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынды. 2021 жылдан бері театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда М.Өмірәлиев театрда 50-ге жуық басты рольдерді сомдап жүрген жетекші әрі шебер актер. 

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2004 жылы «Жоғары әртістік шеберлігі үшін» Алғыс хаты;

2007 жылы театр директорының «Жыл әртісі»  номинациясы;

2011 жылы облыс әкімінің «Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты;

2011 жылы облыс әкімінің «Каспий – достық» мерекесін    ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін Алғыс хаты;

2012 жылы Атырау облысы Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2013 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат Министірлігі Мәдениет комитеті төрағасының  «Құрмет грамотасы»;

2014 жылы ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;

2016 жылы «Еңлікгүл-2016» кәсіби театр сыйлығының  «Жылдың ең үздік актері» аталымы бойынша иегері;

2016 жылы «Жыл адамы – 2016» номинациясының иегері;

2019 жылы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалінде «Әлиханның аманаты» спектакліндегі Әлихан ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы;

2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;

2020 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаты;

2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу өнері» бағдарламасы бойынша оқып, біліктілікті арттыру куәлігін алды;

2022 жылы ІІ халықаралық «ABISH ALEMI» театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 





>