Тастайбек Нуралин

НҰРАЛИН ТАСТАЙБЕК САПАРҚҰЛҰЛЫ

Нұралин Тастайбек Сапарқұлұлы 1995 жылы 31 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Ақтөбе қаласындағы № 19 орта мектепті 2013 жылы тәмәмдап, 2014-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Драма актері» мамандығы бойынша оқыды. 2018 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ: 

2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ: 

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»  -Тоқтабай

Д.Исабеков «Ескі үйдегі кездесу» - Қайыржан

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Сұлтанмахмұт Торайғыров

С.Нұржан «Хан кегі» - Әділ

М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Тастайбек

Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Бала Құрбан

Ш. Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы» - Сейіт

Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана» - Жайнақ

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ербол

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Қасым

ЕРТЕГІЛЕР: 

М.Абай-Ділдә «Балшық бала» - Балшық бала

Ш.Перро «Етік киген мысық» - Ханзада

Р.Киплинг «Маугли» - Маугли

Халық ертігісі «Ер Төстік» - Ер Төстік

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» - Шома

Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Ұялшақ гном

Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Күзетші

«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Күзетші

Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Чип

Ш.Перро «Золушка» - Патша

Орыс ертегісінің желісі бойынша «Бауырсақ» - Қоян

Ф.Камов «Ну, погоди»  - Түлкі

М.Абай-Ділдә «Туған күн» - Фабиан

О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Қожа

Қазақ ертегісінің желісі бойынша «Тас бол» - Еркенже

 





12
>