Бекнұр Бекимов
БЕКИМОВ БЕКНҰР ӘЛІБЕКҰЛЫ
Бекимов Бекнұр Әлібекұлы 2000 жылы 12 қарашада Ақтау қаласында дүниеге келді. 2016-2018 жылдар аралығында Н.Жантөрин театрында көпшілік сахналарда ойнады. 2018-2022 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Драма актері» мамандығы бойынша ұстаздары Лейла Бекназар Ақназарқызы, Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев шеберханасында білім алды. 2020-2021 жылы III-курста оқып жүріп, театрымызда өндірістік оқу тәжірибесінен өтті. 2022 жылдан бастап осы театрдың артисі.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•2019 жылы Дубай қаласында өткен ІІІ Халықаралық «JUMEIRAH SOUNDS» жастар байқауында «Театр» номинациясы бойынша сертификаты;
•2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
•И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - Жас Қожақ
•С.Нұржан «Хан кегі» - Арғынбай батыр
•А.Цагарели «Ханума» - Котэ
•Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Солдат Батыр
•М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ислям
•Ж.Ерғалиев «Құлпытастың көз жасы» - Ербол
•У.Гибсон «Двое на качелях» - Джери
•Ф.Эрве «Айлакер ару» - Шамплатро
•А.Камю «Калигула» - Херея
•Л.Разумовская «Дорогая Елена Сергеевна» - Володя
•Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты»- Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров
•У. Шекспир «Гамлет» - Лаэрт
ЕРТЕГІЛЕР:
•«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Аладдин
•Ш.Перро «Золушка» - Принц
•«Ну,погоди!» - Қасқыр
•Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Ханзада
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі






















