Ақылбек Мысабаев
АҚЫЛБЕК МЫСАБАЕВ НҰРТАЙҰЛЫ
Мысабаев Ақылбек Нұртайұлы 1994 жылдың 6 тамызында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Таушық ауылында дүниеге келді. 2012-2015 жылдар аралығында Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде оқыды. 2015-2016 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Қуыршақ театрында жұмыс істеді. 2016-2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша Асхат Маемировтың шеберханасында білім алды. 2017-2018 жылдары Мемлекеттік «Астана мюзикл» театрында жұмыс істеумен тәжірибе жинақтап, 2020 жылдан бастап Жантөрин театрының артисі.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•2021 жылы «NJ Fest-2021» Жантөрин театрының фестивалінде «Үміт» номинациясы;
•2022 жылы «NJ Fest-2022» Жантөрин театрының фестивалінде «Үздік ввод» номинациясы;
•2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
•Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Отавио
•М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Ақылбек
•С.Құдайбергенов «Перзентхана» - Ержан
•Д.Исабеков «Әпке» - Сұлтан
•А.Камю «Калигула» - Муций
•Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Мақсат
•А.Володин «Қос жебе» - Бізтұмсық
•М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ержан
•Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Бала Құрбан
•Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Жарбол
•У.Шекспир «Гамлет» - Актер
•Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Қайыржан
•Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Ғұбайдулла
•Е.Раушанов «Құнанбай мен Абай» - Шәкірт
•Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Жантас
•М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Қалтай
ЕРТЕГІЛЕР:
•М.Томанов «Қошқар мен теке» - Теке
•А.Михалков «Үш торай» - Торай
•Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Лефу
•Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Шут
•Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Гном
•«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Шейн
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
24 қазан 2025
Республика күні!
17 қазан 2025
«ШЫҢЫРАУ» спектаклі – ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДА!
27 қыркүйек 2025
«ҰЛТ БОЛМЫСЫН САҚТАҒАНЫ ҮШІН»
27 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті!
23 қыркүйек 2025
«ZhanturinTALKS» атты еркін форматтағы ерекше кездесу өтті.
23 қыркүйек 2025
II Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз-конференция өтті!
22 қыркүйек 2025
«Түркі әлемі театрлары: мәдени ықпалдастық, шығармашылық байланыс және заманауи даму бағыттары» атты театр директорларының кеңесі






















